ШЫМКЕНТТЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Бүгін қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында демеушілер есебінен тағы екі спорт алаңшасының лентасы қиылды.
Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында осымен 6 спорт алаңшасы ашылып отыр.
Осыған дейін Әл-Фараби және Абай аудандарында салынған болатын. Жобаның ерекшелігі алаңшаларды демеушілер салып, тұрғындар өздері қалағанынша пайдаланып, жауапкершілігіне алады.
Шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов @isakhov_maksut қатысып, тұрғындарды құттықтады.
-Қаламызда балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жаппай спортты дамыту мақсатында көптеген жаңа нысандар пайдалануға берілуде. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың қоры мен Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында алаңшалар ашылуда. Әрбір нысанның үлкен спорт алаңы, жасанды жабыны, жарықтандыруы және жоғары қоршауы бар. Онда балаларға баскетбол, волейбол, футбол, теннис ойнауға барлық жағдай жасалған. – деп атап өтті.
Жалпы Шымкент қаласында аула ішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл 101 спорт алаңын салу жоспарланып отыр.