Сапарбаев Махамбет Баймырзаұлы

Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Шымкент қаласының және Түркістан облысы Сайрам ауданының Құрметті азаматы Сапарбаев Махамбет Баймырзаұлы 86 жасқа қараған шағында, 2021 жылғы 19 маусымда дүниеден озды.

 

Еңбегімен елге сыйлы болған ел ағасы 70 жылдан астам өмірін Қазақстан Республикасы Спортының дамуына үлкен үлес қосқан азамат.

 

Қадірлі ағайын! Біз бүгін есімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спорттық Қазақстан» энциклопедиялық анықтамалығына алтын әріппен енгізілген әріптесіміз, қазақтың спорт және қоғам қайраткері Махамбет Баймырзаұлының туған туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. «Қайғыны бөліссең-азаяды, қуанышты бөліссең – көбейеді» дейді қазақ. «Әке – асқар тау» деп тегін айтпаған.

 

2021 жылғы 20 маусым сағат 10-00 ағамызды соңғы сапарға шығарып салуға, жаназасына қатысуға шақырамыз.

 

Мұндай елге қадірлі қарияны өлді деуге бола ма? Қазақтың спорт қайраткері Махамбет Баймырзаұлының артында бастаған ұл-қыздары, немере-шөберелері бар. Қазақтың «атамдатсаң – атамдат, ботамдатпа» дегенін ойласақ, 86-ға толған қадірлі қарияның, ана дүниеге аттануы орнымен болар, Алла бұйрығы деуге де болады. Әрине, әке дегенді жүзге келсе де кім қияды? Дегенмен шүкіршілік айтқан дұрыс болар. Махамбет ағамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына өмір берсін.

 

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz