Шымкентте 115 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі!

Шымкентте 115 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі!

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы тұрғындарын бұқаралық спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында көп қабатты үйлердің ауласы мен шалғай елді мекендерде ашық спорт алаңдары салынуда.

 

Игі іске демеушілер де атсалысуда.

 

Әл-Фараби ауданында биыл  32 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Оның 7-і демеуші есебінен, қалған 25-і бюджет қаржысына.

Бүгінге дейін демеушілер есебінен 4 спорт алаңшасы қолданысқа берілген. Олар:  Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, «Отырар» ш/а., №52 және «Текесу» тұрғын алабында орналасқан. Ал бюджет қаржысына салынатын 25 спорт алаңшасы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

 

Абай ауданында осы жылы 35 спорт алаңшасы орнатылып,  12 спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтеді. Оған қоса демеушілер есебінен 4 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.

 

Еңбекші ауданында биыл 15 спорт алаңшасын орнату жоспарланған. Бүгінге дейін демеушілер есебінен 1 ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілген. Қазір 14 спорт алаңын салу жүмысы қарқын алып, жыл соңына дейін қолданысқа берілмек.

 

Қаратау ауданында 2021 жылы 29 спорт алаңын салу көзделген. Оның 2-і демеушілер есебінен. Демеушілер салған спорт алаңшасы пайдалануға берілген. Бюджет қаржысына қаралған 27 алаңды салу жұмысы қараша айынан бастап қолданысқа беріле бастайды.

 

Халықты спортқа баулу оның қолжетімділігіне тікелей байланысты.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz