«ҚР Судьялар одағы» Шымкент қаласы филиалы Кеңесінің мүшелері сайланды

Күн тәртібінде «ҚР Судьялар одағы» Шымкент қаласы филиалы Кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау мәселесі қаралды.

«ҚР Судьялар одағы» Шымкент қаласы филиалы Кеңесінің мүшелері сайланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күн тәртібінде «ҚР Судьялар одағы» Шымкент қаласы филиалы Кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау мәселесі қаралды.

А.Сұлтанов Судьялар одағы филиалының 2019 жылы атқарған жұмысы жөнінде есеп беріп, қаржылық шығыстар туралы айтып өтті. Ол өз сөзінде: «Қалалық филиал бірқатар іс-шаралар атқарғанын, соның ішінде балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетіліп, спартакиадалар және тағы басқа шаралар өткізілді» — деді.

Конференцияға қатысушылардың ұсынысы бойынша А.Сұлтанов есеп комиссиясының құрамына Шымкент қалалық сотының судьясы Тамара Смайлованы, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сабит Туреханов пен Еңбекші аудандық сотының судьясы Алтын Білтебайды бекітті.

Кеңес мүшесінің құрамына судьялардың арасынан 6 кандидат ұсынылды. Олар — Бәйдібек Дүйсебеков, Қайрат Избасаров, Гүлвира Жолбарыс, Серік Кәрім, Айнел Орақбаева және Перизат Сафарбаева. Қатысушылар үміткерлердің заңтану саласындағы беделін және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігін ескере отырып, әр кандидатқа ашық түрде дауыс берді. Дауыс беру нәтижесінде «ҚР Судьялар одағы» Шымкент қаласы филиалы Кеңесінің мүшелері болып Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Серік Кәрім мен Еңбекші аудандық сотының судьясы Айнел Орақбаева сайланды.

Жиын барысында, «Қазақ тіліндегі ең сапалы сот актісі» конкурсының жеңімпаздары атанған Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самидин Темиралиев пен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ерлан Сералиевке алқа төрағалары дипломдар табыстады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz