ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ📌

📌ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

🔰А.ж 21 тамыз күні Шымкент қаласы коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен арнайы брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Сұлтанхан Шәкір Асылханұлы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің үшінші кезеңі басталатынын мәлімдеді.                                                                                       

🔰Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау болып табылады.

🔰Үшінші кезеңдегі іріктеудің ерекшелігі – мемлекеттік аппараттың салалалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, мақсатты іріктеу болмақ. Бұл ретте, кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады.

📌Атап айтқанда:
•​Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
•​Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
•​Сыртқы саясат және инвестициялар;
•​Экономикалық және қаржылық саясат;
•​Цифрландыру;
•​Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
​               
🔰Сондай-ақ биыл үміткерлермен әңгімелесуді міндетті түрде салалық орталық органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесі енгізілуде.

🔰Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

​​🔰Іріктеуге қатысу үшін жеке басты куәландыратын, білім туралы, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін және мемлекеттік тіл бойынша емтиханды тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат ұсынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz