Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі (пилоттық жоба)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі іске қосылды.
Іріктеудің және конкурс өткізудің жаңа рәсімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында Агенттіктің ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталында жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметке іріктеу пилоттық жобасы ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңінде жүргізілетін болады.
Жаңа іріктеу тәсілі бойынша, үміткер Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білу тестілеуінен өтеді. Бұл ретте, үміткерлер «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет — порталында төрт заң бойынша және мемлекеттік тілді білу тестілеуінен 24/7 бойы өту мүмкіндігі берілгендігін атап өту қажет.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасы:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тесттің (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тесттер.
Тестілеуден өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (55 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындаудың жалпы уақыты 55 минутты құрайды.
Үміткерлер тестілеуге өтінім беруге қатысты ақпаратты және кеңесті жүйеде немес уәкілетті органның интернет-ресурсында ала алады.
Мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға орналасуға конкурс жалпы конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтитынын атап өткім келеді.
1) жүйеде конкурс өткізу туралы хабарландыру;
2) жүйе арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өтінімдерін қабылдау;
3) үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалаудан және үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі;
4) эссе жазу (басшы лауазымдар үшін міндетті түрде);
5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу;
6) конкурс қорытындысын шығару.
Осы ретте, конкурс кезеңдерінің нәтижелері бойынша жүйе автоматты түрде конкурс қорытындысын шығаратындығын назарыңызға жеткізгім келеді.
Мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша қағидалары аясында конкурстарға қатысатын кандидаттарға көмекші құрал ретінде Агенттік тарапынан арнайы жадынама әзірленді.
Жадынамада конкурсқа қатысудың қадамдары, кандидаттарға қойылатын талаптар, тестілеу бағдарламасы, іріктеу және конкурс өткізу кезеңдерінің сипаттамалары, басқа да пайдалы мәліметтер көрсетілген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Шымкент қаласы
бойынша департаментінің
басшысы, Әдеп жөніндегі
кеңес төрағасы Ш.А. Сұлтанхан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz