Мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз созбалаңдыққа жол берілген

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында
негізсіз созбалаңдыққа жол берілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне (Әрі қарай – Департамент) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы көрсететін мемлекеттік қызмет бойынша қаланың 4 бірдей азаматынан мағыналас арыздар түскен.
Аталған арыздарды қарау барысында, «жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру» мемлекеттік қызметінің мерзімдері өтіп, бүгінгі күнге дейін қызмет нәтижелері берілмей келгендігі анықталды.
Департаменттің тексеруінің нәтижесімен, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіліп, бұзушылыққа жол берген жауапты қызметшілер тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.
Сонымен қатар, аталған азаматтардың қызмет нәтижелері беріліп, олардың құқықтары қалпына келтірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 01.07.2024 18:17:49
Л.Рысбаева бойынша...
salem-shym.kz