МҚІА: мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі 5 мемлекеттік органда пилоттық сынақтан өтеді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке онлайн режимде іріктеуді пилоттық сынақтан өткізеді.
МҚІА басшысы Дархан Жазықбаевтың айтуынша, Агенттік мемлекеттік қызметке іріктеу мен оны өткеруді толық цифрландыру арқылы «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді.
«Е-қызмет» жүйесінің сыртқы порталында іске асырылатын мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритімі әзірленді, онда конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.
«Е-қызметте» барлық маңызды ақпараттық жүйелермен интеграция жасадық. Ол мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатады. Өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру, біліктілік талаптарына сай келуін қарау – мұның бәрін автоматты түрде жүйе өзі жасайтын болады. Ендігі кезектегі біздің жоспарымыз – жаңа іріктеу жүйесін пилоттық сынақтан өткізу», – деді Агенттік төрағасы.                                                      Перейти в магазин:http://dk-shop.kz
Пилот 1 наурыздан бастап 5 мемлекеттік органда өтетін болады: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, Сауда жəне интеграция министрлігі, Ақмола облысы және Шымкент қаласы әкімдіктері.
Мемлекеттік қызметтегі кадрлық процестерді одан әрі цифрландыру мақсатында биыл «Е-қызмет» жүйесінің 14 модулі жаңартылады, оның ішінде «Тәртіптік бақылау», «Бағалау», «Іс-сапарлар», «Тағылымдама», «Оқыту» модульдері бар. Бұл жұмыс 2023 жылы аяқталып, жаңартылған жүйе келесі жылдың басынан мемлекеттік органдар қосылуы арқылы пайдалануға беріледі деп көзделуде.

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Понедельник 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Понедельник 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz