МҚІА: Биыл Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізіледі

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік органның 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.
«Биыл Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді. Қазіргі кезде еліміздің ең маңызды салаларында – денсаулық сақтау, энергетика, білім беру бағытында жұмыс істейтін резервшілердің саны өте аз. Бұл ретте, резервшілердің салалық топтарын қайта қарастырамыз.                                                                 Перейти в магазин:http://dk-shop.kz             Үміткерлермен әңгімелесу міндетті түрде салалық орталық органның қатысуымен өткізу жоспарлануда», – деді МҚІА басшысы.
Сондай-ақ Агенттік Президенттік жастар кадр резервін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс жүргізіп келеді. Желтоқсан айында қабылданған Резервтен шығу тәртібін бекітетін Жарлыққа сәйкес өз еркімен, өзге елдің азаматтығын алған, Қазақстанның азаматтығын жоғалтқан, жұмыстан теріс себептер бойынша шыққан ПЖКР өкілдері резервтен шығарылады.
Президенттік жастар кадр резервімен қатар биыл Агенттік өңірлерге талантты жастарды барынша тартуға ден қойып отыр.
«Өңірдегі жастарға әлеуметтік лифтті қамтамасыз ету үшін республиканың барлық аймақтарында өңірлік жастар кадр резервтерін құруды жоспарлап отырмыз», – деді Дархан Жазықбаев.

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz