ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қадамдық жоспары бойынша халықты әлеуметтік қорғау-әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, жеңілдіктер және т.б. салалары бойынша іс-шаралар ұйымдастыруды тапсырды.
Аталған тапсырма бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (Бұдан әрі – Департамент) Шымкент ауыл шаруашылығы саласы бойынша Қоғамдық кеңесіне қатысты.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен көрсетілетін Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің мәселелері болды.
Осылайша, аталған мемлекеттік қызметтер көрсетудің қағидасында көрсетілген талаптардың сақталуы, тәжірибеде орын алып жатқан бюрократиялық және қызмет алушыларға жағдай жасау туралы мәселелер талқыланды.
Жиын қорытындысымен, барлық мүдделі органдармен ортақ мәмілеге келіп, жоғарыда аталған мәселелерді шешуге бағытталған тиісті ұсыныстар енгізілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 01.07.2024 18:17:49
Л.Рысбаева бойынша...
salem-shym.kz