КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының Қала құрылысы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қызметті алушылардың кедергісіз қызмет алуына Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға қоғам өкілі ретінде қоғам белсендісі, республикалық «Уақыт талабы» газетінің Бас редакторы, «NTime.kz» ақпараттық сайтының директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.
Жұмыс барысында: мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайларға, қызмет алушыларды қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуына, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы мен т.б. мәселелерге қатысты мониторинг жүргізілді.
Осылайша, Қала құрылысы бөлімінде мемлекеттік қызмет алу кезіндегі электронды кезекке тұру жүйесі орнатылмағаны анықталды.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері аталған кемшілікті қалпына келтіру, қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарау қажеттілігін жеткізді.
Сонымен қатар, бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, сондай-ақ, бюрократиялық мәселелер және оларды жою бойынша ұсыныстар айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Четверг 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Четверг 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz