Әдеп жөніндегі уәкілдер және олардың жұмысы туралы не білесіз?
Дамыған елдерде «мемлекеттік қызметтегі комиссар» деп аталатын, қызметшілер тарапынан әдеп нормаларының сақталуын бақылап, бұзушылықтарды алдын алу үшін Елімізде Әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілген.
Бұл ретте, Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде басқа да міндеттермен қатар, мемлекеттік қызметшілерге Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді.
Әдеп жөніндегі уәкілдерге сыбайлас жемқорлықпен күресте, оның алдын алуда, мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етумен байланысты үлкен мақсаттар қойылған.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасымен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024 жылға арналған үлгілік жоспары бекітілгенін ерекше атап өту қажет.
Үлгілік жоспар консультациялық көмек көрсету, заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға ықпал ету, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын талдау, мониторингтеу және бақылау, азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу іс-шараларын, оларды орындау мерзімдерін және аяқталу нысандарын қамтыйды.
Бұзушылықтарды болдырмауға, оларды алдын алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды құжат болып табылатын үлгілік жоспар Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын одан әрі жетілдіруге өзінің оңды әсерін беруде.
Айта кету қажет, Шымкент қаласы әкімі аппаратында Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы енгізілген. Осы орайда, аталған лауазымды ұжымда қадірлі және құрметке ие болған, жұмыс тәжірибесімен қоса өмірлік тәжірибесі жоғары Акишев Мураджан Омарханұлы атқарады.
Агенттікпен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жоспары аясында М.Акишевпен Әдеп кодексі талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша көптеген іс-шаралар атқарылған.
Жоспар бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген 46 мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, мүлікті сенімгерлікке басқаруға беру мәселелері бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Осы ретте, енгізілген ұсынымдар негізінде 51 үлгілі мемлекеттік қызметші қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Мемлекеттік органда іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша қаладағы барлық аудан әкімі аппараттарында дін өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізілуде.
Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысына қатысты мақалалар ай сайын жергілікті газет беттерінде жариялануда.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып жұмыстан тыс уақытта негізсіз үстеме жұмысқа тарту деректерін анықтау бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 624 мемлекеттік қызметші анонимді сауалнамадан өткізіліп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральдық-психологиялық ахуалдың жағдайына талдау жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілермен заңмен белгіленген шектеулер мен тыйым салуды сақтауды қамтамасыз етуге, оның ішінде мүдделер қақтығысын болдырмау мен алдын алуға бағытталған талдау жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұзушылықтарды болдырмауға, оларды алдын — алуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
_______________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті