Әдеп кодексіне түсіндірмелер әзірленді

Әдеп кодексіне түсіндірмелер әзірленді

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында маңызды жұмыстарды атқарумен қатар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп қағидаттары мен стандарттарының сақтау сұрақтарына ерекше көңіл бөліп, аталған бағытта ауқымды жұмыстарды жүргізуде.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгіленген қағидаттар мемлекеттік қызметшінің атқаратын қызметінің аса маңыздылығы мен оған ерекше жауапкершілік жүктелетінін айқындайды. Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары мемлекеттік қызметшіге жоғары талаптар қояды.

Бұл тұста, Әдеп кодексінің мемлекеттік қызметшілерге қойылатын нормалары мен талаптарының мазмұнын түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің ережелерін біркелкі түсінуін және түсіндіруін қамтамасыз ету мақсатында Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне түсіндірмелер әзірленді.

Бұл түсіндірмелерде мемлекеттік қызметшілерге күнделікті қызметте моральдық — этикалық және кәсіби қасиеттерін жақсартуға ықпал ететін ұсынымдар әзірленіп, Әдеп кодексінің әрбір ережесіне түсіндірмелер берілген.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуыныда өткен кездесуде «Әдеп кодексіне түсіндірмелер» құжаты бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, практикалық түсіндірмелер өз қызметінде пайдалану үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге, әдеп жөніндегі уәкілдерге және тиісті саладағы оқу орындарының оқытушылары мен тыңдаушыларына арналғаны аталып өтілді.

Сонымен қатар, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты атқарылған жұмыстар бойынша сөз қозғалды.
Атап айтқанда, Департаментпен мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесімен жұмыс уақытынан тыс жұмыс атқарған 32 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, оларға тынығу уақыттарының берілуі қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, Департамент тарапынан тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру және іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына ағымдағы жылы жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 23 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілген.

Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұзушылықтарды алдын — алуға бағытталған профилактикалық жұмыстардың нәтижесімен әдеп нормаларын сақтамау деректері бойынша тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 40 %-ға төмендеген.

2023 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 8 отырысы өткізіліп, онда 45 мәселе қаралды. Олардың 70%-нан астамы профилактикалық сипатта болып, әдептілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды, 2 қызметшінің құқығы қорғалды. Жыл қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес ұсыныстарының 100%-ы орындалды, бұл аталған институт жұмысының тиімділігінің жоғары екендігін көрсетеді.
2023 жылы Департаментпен 19 тексеру мен профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесі бойынша 260-тан астам бұзушылық анықталған. Бақылау шараларының нәтижесі бойынша қабылданған шаралардың арқасында
9 қызметшінің құқығы қорғалған.
Сондай-ақ, Агенттіктің үйлестіруімен әдеп жөніндегі уәкілдер тарапынан ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 240 астам азамат пен мемлекеттік қызметшілерге жеке консультативтік көмек көрсетілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған мағыналас профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да кеңінен жүргізілетіні аталып өтілді.

____________________________________________________

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Воскресенье 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz