«Дене шынықтыру және спорт»

2020 жылдың 7 ақпан күні Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің мәжіліс залында университетіміздің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының «Дене шынықтыру және спорт» басқармасының №11 Шығыс жекпе – жек түрінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің көк туымызды әлемге паш етіп жүрген ел чемпиондарымен студент жастардың кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухты елдің жастары – жігерлі» атты іс – шараны өткізіп, жетістікке жеткен тарландармен кездестіру арқылы студенттеріміздің спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Аталған іс – шараның бағдарламасына тоқтала кететін болсақ, алғашқы сөз тізгінін университетіміздің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Садықов Бердіқұл алып, өз сөз кезегінде университетіміздің студенттері, оқытушылары мен түлектері арасынан биік спорттық жетістіктерге жеткен және чемпион атанған университет мақтаныштары туралы айтып өтті. Солардың бірі кеше ғана «Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің, спорт және денешынықтыру істер комитетінің» ұйымдастыруымен Шымкент қаласында өткен көркем гимнастикадан ҚР чемпиондар лигасында 2 орын иегері атанған Дене шынықтыру мамандығының 2 курс студенті Молдаханова Тоғжан,- деп университетіміздің спорттан жеткен соңғы жетістігіне де тоқтала кетті. Іс – шараны жүргізіп отырған Б.Садықов кезекті сөзді ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, бапкер М.Темірхановқа берді.

М.Темірханов осы уақытқа дейін 14 Әлем чемпионы мен 2 Еуропа чемпионын және көптеген Халықаралық, Әлем кубогы жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарғанын мақтанышпен айтып өтті. Кездесуге арнайы қатысқан спортшылар : Мейманкулов Жалелиддин- Каратэ ВКФ түрінен Азия чемпионатының жеңімпазы, (жаттықтырушысы — ҚР еңбек сіңген жаттықтырушы Темірханов Мұзафар Тимурович ) , Юн Алан – Каратэ До Шотокан түрінен Әлем кубогының жеңімпазы,( жаттықтырушысы Нұрбаев Ерлан – қара белбеу 2 ші дан иегері) , Әнуар Индира – Каратэ Кекушинкай түрінен Еуропа жүлдегері, (жаттықтырушысы: Кенжебаев Еркін ҚР спорт шебері) , Кенжетай Бауыржан – Каратэ Кекушинкай түрінен Қазақстан Республикасының жеңімпазы, (Жаттықтырушысы — Кенжебаев Еркін- ҚР спорт шебері) өз құрдастарына жетістікке қалай жеткені туралы баяндап, кездесу сұрақ – жауаппен аяқталды.

Спортшылар мен жаттықтырушылар кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырған университет ұжымына өз алғыстарын білдірді. Б.Садықов спортшыларға арнайы келгендері үшін алғыс білдіріп, Әлем деңгейіндегі жарыстардан жеңіспен оралуына тілектес екенін білдірді.

1 комментария в “«Дене шынықтыру және спорт»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz