Біздің жерлесіміз Еркінбекова Аида

Біздің жерлесіміз

        Бүгін кішкентай жұлдызымыз, батырымыз Еркінбекова Аида жайлы әңгімелейік.Бұл батыр қызымыз Кикошункай-кан каратэ секциясына 7 жастан қатысады.Жаттықтырушының айтуы бойынша Аиданың болашағы жарқын қыз.

4 жыл ішінде үлкен жетістіктерге жеткен, 10-11 жас аралығында өз салмағының (30 кг) ішінде бұл батырымызға төтеп бере алатын спортшы жоқ.

Азия кубогының жеңімпазы ретінде өзінің айтуы бойынша,бұл спорт өзіне қатты ұнайды. Бұл жерге қатыса отырып ол спорт тәртіпке, жігерлікке, батырлыққа үйрететінің мәлімдеді.Спорт Аиданың сабағына еш қандай кедергі жасамайды.Ол үлгілі , өнегелі,білімді оқушы екенін сынып жетекшісіде баяндады.

Аида қызымыздың ендігі мақсаты элем чемпионы атағын алу.

Бұндай ержүрек батыр қызымызға  және ол сияқты спортшыларға,олардың жаттықтырушыларына жоғарғы белестерден көріне берсін деген тілек айтайық.

6 комментариев в “Біздің жерлесіміз Еркінбекова Аида

  1. Аида,жаным,басыңнан бақ таймасын!
    Әлемді мойындататын спортшы болатыныңа күмәнім жоқ!Тек алға,Алтын қыз!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz