Қазтұтынуодағының Шымкент көпсалалы колледжі мекемесінің директоры – Башенов Асылбек Құтжанұлы

Қазтұтынуодағының Шымкент көпсалалы колледжі мекемесінің директоры – Башенов Асылбек Құтжанұлы

Қазақстан тұтынушылар одағының Шымкент көпсалалы колледжі қаламыздағы тарихы өте бай,  айтулы  оқу орындарының бірі және бірегейі, колледждің құрылғанына 60 жылдан астам уақыт болды.

2019 жылы колледж атауының  Қазтұтынуодағының Шымкент көпсалалы колледжі болып ауысқаннан басқа қандай өзгерістер орын алғандығы жөнінде колледж директоры Башенов Асылбек Құтжанұлымен әңгіме өрбітеміз.

Башенов Асылбек Құтжанұлы колледжге басшылық жасауға 2012 жылы келді. Башенов А.Қ. үш мамандықтың иесі, атап айтар болсақ ақпараттық жүйе, қаржы, құқықтанушы мамандықтарын игерген. Ол өзінің жұмыс тәжірибесін Қазақстан тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетінде бастап, банк саласында жалғастырып, түрлі қызметтер атқарды. Осындай еңбек жолынан өткен, үш баланың әкесі бола тұра студенттердің кәсіби жолын неден бастау керек екендігі туралы ойы колледж басшысы болып келген күннен бастап өзгерді.

Біріншіден, студент өз қалаған мамандығын шын ниетпен, аса бір қызығушылықпен оқу керектігіне сенімді болды. Екіншіден, ата-ана өз балаларына  болашақ мамандығын таңдауда қолдау көрсету керек. Қазіргі кезде мемлекет тарапынан қызмет көрсету саласы мамандарын және әр түрлі салалар бойынша жұмысшылар мамандығын даярлау үшін мемлекеттік білім тапсырыстары бөлінуде, жастарға екі бірдей мамандықты игеруге ешкім кедергі бола алмайды. Бірақ бала мамандық таңдау кезінде өзінің жанына жақын мамандықты таңдауы үшін бар күшін салуы керек. Ата-аналар 6- сыныптан бастап өз балаларына мамандықтар бойынша бағыт бағдар беруі керек және баласының қандай мамандыққа бейім екендігін анықтай отырып, сол мамандыққа бағыттауы керек. Үшіншіден, әрине, бастысы білім беру сапасының жоғары деңгейде болуы маңызды.

Башенов А.Қ. колледж түлектерінің 70 пайыздан астамы жұмысқа орналасуына көп көңіл бөледі, бұған себепте жоқ емес, колледж  студенттерін үшінші курста іс-тәжірибеден өткен атап айтар болсақ  Grand Hotel Shymkent қонақ үйі, ірі сауда орыны Фиркан  және екінші деңгейдегі банктер жұмысқа шақырып, жұмысқа қабылдап жатыр.

Неге біздің студенттер сұранысқа ие?  Себебі, студенттерге сабақты үнемі іс тәжірибесі мол оқытушылар тек қана теория түрінде ғана емес,  нақты іс-тәжірибе түрінде өткізеді. Бұндай кәсіби іс-тәжірибе түрінде білім алған студент дайын бухгалтер немесе қаржыгер екендігі түсінікті.

Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы қаламыздағы жоғарғы оқу орындарымен бәскеге түсе алады. Колледждің ұстаздары құрамы тұрақты, кейбір ұстаздарымыз осы жерде 20-30 жыл бойы үздіксіз қызмет атқарып келеді, оқытушылар арасында өзіміздің колледж түлектері де мұғалім болып қызмет атқарады.

Колледжде студенттердің өзін-өзі басқару қызметі жұмыс жасайды. Студенттер білім алудан және өздерінің шығармашылық қабілеттерін колледжде ұйымдастырылатын түрлі концерттер мен іс-шараларда шыңдай алады, яғни студенттер өздерін басқа қырларынан да танытуға мүмкіндіктері мол. Әрине, колледж, студент жастармен жұмыс жасауда өзінің қол таңбасын қалыптастырды, олардың жасында өз мамандықтарына деген қызығушылығын арттырып, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру керек.

Колледж директорының ұраны – өмір бойы білім алу, оқу. Әлемде үйренетін, танитын түрлі қызықты нәрселер өте көп.  Осыны басшылыққа алған ол шешендік өнерге үйрететін (кез келген аудиторияда керемет сөйлей алу, аудиторияның назарын өзіне тез аудара білу)  курстан өтті. Колледж студенттеріне шешендік өнерге баулу қосымша және тегін жүргізіледі. Колледж студенттерінің төлемақыларына түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтар болсақ, көпбалалы отбасылардың балаларына және әртүрлі категориядағы отбасылардың балаларына жеңілдіктер қарастырылған, әрине, бұл жақсы, бірақ ең маңыздысы студентті өзі жақсы көретін мамандығы бойынша оқытып, жұмыспен қамтиды.

    Колледже бұрыннан келе жатқан үш мамандыққа (қаржыгер, экономист-бухгалтер, техник — бағдарламашы) қосымша биылғы оқу жылында төрт мамандық ашылды. Олар: бала-бақша тәрбиешілері, бастауыш сынып оқытушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы және қонақ үй әкімшісі. Бұл аталған мамандықтар біздің өңірімізде сұранысқа ие және тұрақты жұмыспен қамтылатын мамандықтар.

Қорытынды: Қазтұтынуодағының Шымкент көпсалалы колледжі ұжымының табанды еңбегі әрқашанда өз ісінің мамандарын даярлауға бағытталған, өз ісінің шебер мамандарын даярлауда алдыңғы қатарда көрініп, әлі сол биігінде қалып отыр.

Өзімнің ойымды қоса кетсем: Колледждің табалдырығын аттағаннан  бастап осында білім алу, жаңа достар табу, болашақ қызмет баспалдақтарына қадам басу үшін керемет мүмкіндіктер бар екеніне көз жеткізесің, мұның бәрі колледж директоры А.Қ.Башеновтың еңбегі екеніне дауымыз жоқ. А.Қ.Башенов колледж студенттеріне өз баласындай қарайды, ал  өз баласына кез келген ата – ана тек қана жақсылықтар тілейтіні  белгілі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz