Қазақстандық спорттық ату федерациясы Араб спорттық ату федерациясымен табысты келіссөздер өткізді!
Қазақстандық спорттық ату федерациясының Бас хатшысы Олег Почивалов Араб спорттық атыс федерациясының президенті Шейх Ахмед бин Мохаммед бин Хашер Әл-Мактуммен кездесіп, Қазақстанда және одан тыс жерлерде спорттық ату түрлерін дамыту мақсатында келіссөздер жүргізді.
Әл-Айн қаласындағы (БАӘ) атыс кешеніне сапар барысында стенд ату және нысана көздеу алаңдары егжей-тегжейлі зерттеліп, мамандар (жаттықтырушылар) арасындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарын Қазақстанда және БАӘ-де өткізу мүмкіндігі қарастырылды.
Араб спорттық атыс федерациясының президенті Қазақстан құрамасының жоғары дайындығын, Алматы облысы мен Шымкенттегі бірегей ату нысандарын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстандық спорттық ату федерациясының халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы жоғары кәсібилігін ерекше бағалады.
Еске сала кетейік, 16-30 тамыз аралығында Шымкент (Қазақстан) қаласында спорттық атудан Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа 1500-ден астам спортшының қатысуы жоспарлануда