ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау- қызметтердің халыққа қолжетімділігі» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында Агенттіктің өткен жылғы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау саласындағы жұмысының қорытындысы шығарылып, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жетілдірумәселелері талқыланды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Агенттіктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директоры Ильдар Үйсімбаевтың айтуынша Мемлекет басшылығының тапсырмасын іске асыру шеңберінде тізілімдегі мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 90% — дан астамы электрондық форматқа ауыстырылды.
«Соңғы жылдары электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі екі есеге өсті (2017 жылғы 53,1% — дан 2020 жылы 82,9% — ға дейін). Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін бұзу саны 3 еседен астам азайды (370 мыңнан 114 мыңға дейін)»- деді Ильдар Үйсімбаев.
Бұл ретте, осы бағыттағы оң өзгерістерге қарамастан, Агенттік қызметтерге қолжетімділік мониторингі шеңберінде «электрондық үкімет»порталында қолжетімсіз 54 қызметті анықтады.
Анықтама ретінде: жұмыс істемейтін қызметтердің көпшілігі келесі мемлекеттік органдардың құзыретіне тиесілі:СІМ (45,5%), Еңбекмині (21,4%), БҒМ (20,8%), ДСМ (16,2%), ІІМ (12,8%), МСМ (11,5%), АШМ (10,5%), Қаржымині (8,7%), ЦДИАӨМ (7,7%), ҰЭМ (7,1%), ЭМ (5%), Әділетмині (3,8%), РРФР (3%), ЭГТРМ (2,4%), ИИДМ (0,9%).
«Мысалы, дәрігердің қабылдауына жазылу, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу сияқты және т.б мемлекеттік қызметтерді алу бойынша тиісті портал техникалық тұрғыда қолжетімсіз болған»- деді Ильдар Үйсімбаев.
Қызмет алушылардың өтініштерін сапалы қарау және олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру Агенттіктің басым бағыттарының бірі болып табылады.
2020 жылы Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне 1442 өтініш келіп түсті.
Көрсетілетін қызметті берушілердің жер қатынастары (30%), Әлеуметтік сала (14%) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (11%) салаларындағы заңсыз іс-әрекеттеріне жиі шағым жасалады.
Орталық мемлекеттік органдар арасында көрсетілетін қызметті алушылар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (16% немесе 141), полиция (5% немесе 47) және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (2,2% немесе 20) қызметкерлерінің әрекеттеріне жиі шағымданады.
Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің әрекетіне 520 өтініш келіп түскен(түскен өтініштердің жалпы санының 36%).
«Агенттік тек өтініштердің негізінде 266 жоспардан тыс тексеру жүргізді, қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың 207 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 33 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 90% жағдайда қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді»-деп атап өтті Ильдар Үйсімбаев.
Жалпы, өткен жылы Агенттік бақылау функциялары шеңберінде 646 тексеру іс-шараларын жүргізді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында анықталған заң бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде 446 нұсқаулық енгізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша қызмет берушілердің 646 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды (әкімдіктер – 434, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары – 212), оның ішінде 25,5% (165) қызмет көрсетушілердің басшылық құрамына келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында 114 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары заңнама талаптарын сақтамауда 87,5 мың фактіге, жергілікті атқарушы органдар 26,5 мың фактіге жол берген.
Анықталған олқылықтардың 80,5% -ы (91,8 мың факт) көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап ету болып табылады.
Рұқсат беру мерзімдерін, тәртібін бұзғаны, сондай-ақ оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 410 хаттама толтырылды. Қарау нәтижелері бойынша 174 лауазымды тұлға құқық бұзушылықтарға жол берген(ОМО қызметкерлері – 148, ЖАО қызметкерлері — 26).
Мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 10,5 млн. теңге өндірілген.
Агенттіктің ұсынысы бойынша азаматтық қоғамның белсенді өкілдерінің қатысуымен «қоғамдық бақылау» институты енгізілді.
Қоғам өкілдері бақылауды визуальді түрде қарау, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келушілермен әңгімелесу арқылы жүзеге асырады.
2020 жылы азаматтық қоғам өкілдері мемлекеттік қызмет көрсететін 300 – ден астам нысандарда бақылауды жүзеге асырып, нәтижесінде олқылықтарды жою жөнінде 287 ұсыным енгізіліп, 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 1-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атқарылған 245 ұсыным қорытындысы бойынша қоғам өкілдері пост-бақылауды жүзеге асырды, қазіргі кезеңде 42 ұсыным орындалу процесінде.
Өз ұсынымдарында қоғам өкілдері қызмет көрсетушілерді өз қызметін азаматтардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын күшейтуге, олардың адамдар мен бизнестің қажеттіліктері мен мүдделерін ескеруге шақырады.
Добавить комментарий
Четверг 04.11.2026 10:12:29
ИРИНА ЮНУСМЕТОВА ЗАВОЕВАЛА БРОНЗОВУЮ МЕДАЛЬ ЧЕМПИОНАТА МИРА ПО ПУЛЕВОЙ СТРЕЛЬБЕ В ДОХЕ!...Четверг 30.10.2026 10:23:36
Шетелдік делегация «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының цифрлық шешімдерімен танысты...Четверг 30.10.2026 10:22:10
Зарубежная делегация изучила цифровые решения Госкорпорации «Правительство для граждан»...Четверг 23.10.2026 16:48:34
ЦОНы и спецЦОНы Шымкента не будут работать 26 октября...Четверг 21.10.2026 13:50:22
Кадастровые цифровые сервисы перейдут на новую систему координат...Четверг 14.10.2026 11:07:30
160 тысяч водительских удостоверений заменили онлайн в Шымкенте за девять месяцев...Четверг 12.10.2026 16:46:08
Шымкент занял четвертое место по числу новорожденных в Казахстане...Четверг 03.10.2026 19:03:01
Госкорпорация представила AI-решения 1414 на форуме AI & Digital Bridge 2026...Четверг 30.09.2026 13:27:28
С 1 октября — новый график дежурных ЦОНов Шымкента...Четверг 30.09.2026 12:02:07
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ПАРА ОҚ АТУ СПОРТЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУДА...Четверг 28.09.2026 13:12:16
В Шымкенте маломобильным гражданам оказали 142 госуслуги на дому...Четверг 14.09.2026 23:29:08
В Шымкенте 15 тысяч свидетельств о рождении оформлено онлайн...Четверг 14.09.2026 10:57:48
Шымкентте 15 мыңға жуық туу туралы куәлік онлайн рәсімделді...Четверг 10.09.2026 18:47:57
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді...Четверг 10.09.2026 18:42:13
С начала года в Казахстане появилось более 74 тысяч новых семей...Четверг 07.09.2026 19:34:11
Шымкент стал лидером по обучению цифровой грамотности среди регионов...Четверг 04.09.2026 09:12:19
Камбоджа перенимает передовые подходы Казахстана к цифровизации государственных услуг...Четверг 28.08.2026 17:06:30
Госкорпорация обучает цифровой грамотности жителей сельской местности...



