ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНЕ КЕЛЕСІ ҚҰЗЫРЕТТЕР МЕН ФУНКЦИЯЛАР БЕКІТІЛГЕН

1) Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізу;
2) Мемлекеттік қызметтің кадр құрамы жай-күйіне мониторинг және талдау жүргізу;
3) Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай саясатты қалыптастыру;
4) Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарын қарау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтау мәселелері бойынша;
6) Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың, сондай-ақ қызметтік этиканың сақталуы бойынша тексерулер жүргізу;
7) Агенттіктің басшылығына лауазымды адамдарға және мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұза отырып қабылданған олардың шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
8)Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
9) Департаменттің құзыреті шегінде әкімшілік істерді қарау;
10) Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бақылау саласында басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
11) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру;
12) Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілдің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері қарайды;
13) Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру;
14) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
15) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
16) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингті жүргізу;
17) Мемлекеттік органдарға, көрсетілетін қызметті берушілерге қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманың, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын сақтау бойынша тексерулерді жүргізу;
18) Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
19) Жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
20) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанудың мониторингін жүзеге асыру;
21) Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және оларды көрсету рәсімін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
Департаменттің сенім телефоны: 51-51-51

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вторник 08.05.2024 12:18:57
ШОНАЕВ ОНАЙ...
Вторник 08.05.2024 11:56:54
День победы!...
Вторник 08.05.2024 11:46:09
Хусанов Зиямат....
Вторник 08.05.2024 11:24:27
Тогамбаев Мошкал...
salem-shym.kz