Шымкентте кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріліп жатыр

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі — АӘК) бойынша 19 587 отбасыдан немесе 98 313 адамнан өтініш қабылданып, 15 833 әлеуметтік көмек тағайындалса, 2 378 өтініші кері қайтарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаңтар айында 9068 отбасыға 455 млн.теңге төленсе, ақпан айында 15 727 отбасыға 983 млн.теңге төленді.

Сонымен қатар, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тәртібі бойынша тағайындалған отбасылардың балаларына «кепілдендірілген әлеуметтік топтама» ұсынылуда.

Шымкент қаласы бойынша «Кепілдендірілген әлеуметтік топта» «Magnum» ЖШС-нің 4 ірі сауда орталықтарында берілуде.

Олар:
1. Әл Фараби ауданы, Айтеке би көшесі, Володарский көшесімен қиылысқан, «Жамалбек-Кажы» сауда орталығы.
2. Енбекші ауданы, Ж. Шаяхметов 5 «А» ғимаратында орналасқан.
3. Әл Фараби ауданы, Байдібек Би көшесі №25, Nauryz park сауда орталығында.
4. Абай ауданы, Бекжан Комфорт сауда орталығында. Бүгінде 8 891 отбасының 15 949 балаларына 1-3 жас және 3-6 жас аралығындағы балаларға арналған қаңтар айының азық-түлік топтамасы берілуде.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындардың «Magnum» сауда үйінің сайтына (magnum.kz) кіріп, ЖСН енгізу арқылы жиынтықты қай жерден алып кетуге болатынын біле алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Понедельник 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Понедельник 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz