Еgov.kz портала кіру жолдары. Как зайти на портал Еgov.kz

Достар, egov.kz порталының қызметтерін пайдаланып, ЭЦҚ-мен қол қою үшін ең алдымен оның пайдаланушысы болу керек. Электронды үкімет порталын бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатқандар онда ЖСН енгізіп, жасырын сөзді толтыру керектігін біледі. Бүгінде порталға кірудің тағы бірнеше жолы іске қосылған. Сонымен, келесі ақпаратқа құлақ түріп, #Oqyp&Toqyp алыңыз.

✅ Бір жолғы жасырын сөз

Бұл әдіспен порталға кіру үшін ЖСН нөмірін теріп, ұялы телефон нөмірін толтыру қажет. Аталған әдісті мобильді азаматтар базасында тіркелгендер пайдалана алады.

✅Электронды цифрлық қолтаңба

ЭЦҚ арқылы порталға кіремін десеңіз, жүйе сізге сертификатты таңдауды ұсынады. Электронды кілт құпиясөзі толтырылғаннан кейін барлық мәліметтер сәйкестендіріледі.

✅QR-код

QR-код  – порталға кіру үшін жасалған жаңа әдістің бірі. Бұл жолмен порталға смартфондарында egov mobile қосымшасы барлар кіре алады. Егер өзіңізбен бірге ЭЦҚ бар флэш-карта болмаса, осы әдіспен порталға оңай кіруге болады. Egov mobile қосымшасынан скан белгісі арқылы компьютерде шыққан кодты сканерлеп, бірден қызметтерді пайдалануды бастай аласыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»

МК КЕАҚ Шымкент қ. бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Сегодня мы хотим  рассказать о том, как можно зайти на портал egov.kz — и в первую очередь вам необходимо быть пользователем портала, чтобы пользоваться сайтом egov.kz и подписывать услуги электронно-цифровой подписью.

Те, кто пользуется порталом электронного правительства в течение нескольких лет, знают, что нужно вводить ИИН и код активации. Однако, чтобы быть #Втеме вы должны знать и о других способах:

✅ Одноразовый пароль

Чтобы получить таким образом доступ к порталу, вам нужно ввести свой ИИН и заполнить номер мобильного телефона. Этот метод используют зарегистрированные в базе данных мобильных граждан.

✅ Электронно-цифровая подпись

Если вы хотите зайти на портал через ЭЦП, система предложит вам выбрать сертификат. После заполнения пароля электронного ключа все детали будут определены.

✅ QR-код

QR-код является одним из новых способов доступа к порталу. Таким образом войти на портал могут те, у кого на смартфонах есть мобильное приложение egov mobile . Если у вас нет под рукой флешки с ЭЦП, вы можете легко получить доступ к порталу через QR-код. В Egov mobile вы можете отсканировать код, отображаемый на портале, и сразу же начать пользоваться услугами.

Пресс-служба филиала НАО ГК

«Правительство для граждан» по г.Шымкент

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz