Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2022 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар ұйымдастырылды. 
Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтыды.
Оқытудың ең басты мақсаты халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастардың тәсілдерін қалыптастыру. 
Осылайша, оқыту барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы – қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді диалог нысаны ретінде», «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі тиімді іскерлік коммуникативті қарым-қатынас», «Мемлекеттік қызметшінің іскерлік коммуникациясын басқару.Көпшілік алдында сөйлеу өнері: құзіреттіліктен шешендік шеберлікке дейін. Сөйлеу техникасының параметрлері», «Тиімді іскерлік коммуникациялар және жеке тұлға типологиясы. Іскерлік қарым-қатынастағы кедергілер және оларды жеңу жолдары», «Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық модельдері мен жүзеге асырылатын іскерлік қарым-қатынас стратегиялары», «Тұлғааралық тиімді қарым-қатынасқа әсер ететін факторлар: кәсіби тыңдау өнері және дұрыс сұрақтар қою қабілеті», «Мемлекет пен қоғамның байланыс жолындағы кедергілер: өзара әрекеттесудің формалары мен деңгейлері.Сөйлеу ережелері мен қателер.Өзара әрекеттесуінің құралдары мен ортасы», «Ынтымақтастық аясында сенімді қарым-қатынастар қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшінің тиімді коммуникацияны орнатудың психологиялық негіздері. «Қиын» адамдармен қарым-қатынастар», «Эмоциялық интеллект – тиімді іскерлік коммуникацияларды құру техникасы ретінде», «Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен эмоцияларымен жұмыс. Қиын жағдайларда эмоционалды жағдайды басқару әдістері», «Тиімді іскерлік коммуникация дағдыларын дамытудағы шешендік өнер мен сторителлинг», «Жанжалдарды шешу шеберлігі немесе келіссөздер жүргізу өнері: келіссөздер алгоритмі. «Балама Генератор» әдісі.Дипломатиялық стратегия», «Жанжалдарды шешу шеберлігі немесе келіссөздер жүргізу өнері: Раппопорт — серіктеске «қосылу» технологиясы. Риторика өнері», «Тиімді мемлекеттік қызметті құрудағы трансформациялық көшбасшылық», «Коммуникативті коучинг – сенімді байланыс құралы ретінде», «Халықпен іскерлік коммуникацияларды құрудағы мемлекеттік қызметшілердің күйзеліске төзімділігін артыру практикасы» және «Мемлекеттік басқару жүйесінде іскерлік коммуникациялардың проблемалары мен олардың тиімділігін жоғарылату жолдары» тақырыптары қамтылды.
Сонымен қатар, оқыту бағдарламасы қызметшілерге шешімдер қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік берді.
Бұған қоса, алдағы уақытта аталған іс-шараны жалғастыру жоспарлануда.
Добавить комментарий
Суббота 14.10.2026 11:07:30
160 тысяч водительских удостоверений заменили онлайн в Шымкенте за девять месяцев...Суббота 12.10.2026 16:46:08
Шымкент занял четвертое место по числу новорожденных в Казахстане...Суббота 03.10.2026 19:03:01
Госкорпорация представила AI-решения 1414 на форуме AI & Digital Bridge 2026...Суббота 30.09.2026 13:27:28
С 1 октября — новый график дежурных ЦОНов Шымкента...Суббота 30.09.2026 12:02:07
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ПАРА ОҚ АТУ СПОРТЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУДА...Суббота 28.09.2026 13:12:16
В Шымкенте маломобильным гражданам оказали 142 госуслуги на дому...Суббота 14.09.2026 23:29:08
В Шымкенте 15 тысяч свидетельств о рождении оформлено онлайн...Суббота 14.09.2026 10:57:48
Шымкентте 15 мыңға жуық туу туралы куәлік онлайн рәсімделді...Суббота 10.09.2026 18:47:57
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді...Суббота 10.09.2026 18:42:13
С начала года в Казахстане появилось более 74 тысяч новых семей...Суббота 07.09.2026 19:34:11
Шымкент стал лидером по обучению цифровой грамотности среди регионов...Суббота 04.09.2026 09:12:19
Камбоджа перенимает передовые подходы Казахстана к цифровизации государственных услуг...Суббота 28.08.2026 17:06:30
Госкорпорация обучает цифровой грамотности жителей сельской местности...Суббота 27.08.2026 16:49:29
ЦОН Каратауского района переезжает на новый адрес...Суббота 21.08.2026 18:09:30
В день выборов в Курултай казахстанцы смогут оформить прописку на один день....Суббота 18.08.2026 16:37:23
Госуслуги на дом: казахстанцы выбирают выезд персонального менеджера...Суббота 31.07.2026 18:25:46
Мемлекетік қызметте өсу, меритократия қағидаты...Суббота 29.07.2026 06:42:47
Госкорпорация расширяет сервис доставки готовых документов из ЦОН...



