Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп психологы Р.Халилаева 11-сынып бітірушілерімен «Қорытынды аттестаттау жұмыстарына дайындық барысында оқушылардың үлгермеу себебін анықтау» мақсатында психологиялық тренинг өтті.
Оқушылардың негізгі қиындықтары емтихан жағдаятын қабылдау ерекшелігіне, өзін-өзі бақылаудың жеткіліксіз дамуына және стреске қарсы тұруының төмендігі мен өзі-өзі реттеудің жеткіліксіздігіне байланысты. Бұл қиындықтарды жеңу үшін психологиялық тренингтер мен жаттығулардың маңызы зор. Қорытынды аттестаттау мен емтихандарға дайындық кезіндегі оқушылардың стрестен, қорқыныштан, мазасыздықтан арылтатын жаттығулар жүйелі түрде бағдарламаға сай жасақталып өтіліп отырады.
Атап айтсақ, «Бұлшық ет және тыныс алу релаксациясы», «Сенімділік образы», «Ассоциация» жаттығулары жүйке жүйесі және бұлшық еттерін жаттықтырады. Ал «Әдемі қаршалар» мен «Тілек алмасу» немесе «Емтихан адамы» ойындары оқушының мазасыздығымен күресіп, көңіл-күйін көтереді.
Осы тренинг барысында оқушылар ішкі резерв мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін-өзі бақылауды үйренді және сенімділіктері артты.
Алдағы уақытта бұл жұмыстар оқу жылының соңына дейін жалғасын таппақ.