2019 жылдың 11-15 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «WorldSkills Kazakstan-2019» республикалық чемпионаты өтіп, Индустриалды-құрылыс колледжінен екі құзыреттілік — «Ағаш ұстасы» құзыреттілігі бойынша Бекмұратов Ельмұратбек, «Кірпіш қалаушы» құзыреттілігі бойынша Абдрахман Аршат Саматұлы қатысып жүлдемен оралды. Жеңімпаздарымызды бір топ ұстаздары Шымкент қаласындағы темір жол вокзалынан түнгі сағат 02:00 күтіп алды.








