Бүгін, 5 наурыз Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Шымкент аграрлық-техникалық колледжінде, көктемнің шуақты мерелерінің бір 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды директордың у.м.а. Ерғазы Нұрлан Асқарұлы құттықтау сөз сөйлеп ашып, білім басқармасының, кәсіподақ комитетінің, колледж директорының сондай-ақ «Nur Otan» партиясының «Алғыс хаттары» мен «Құрмет грамоталарын» табыстады.
Жинында колледж әкімшілігі атынан директордың ТІЖ орынбасары Д.Назиров және кәсіптікодақ комитетінің төрағасы А.Қамбаралиев мерекелік құттықтау жасады. Тігіншілер тобымен аспазшылар тобының студенттері дайындаған қолөнер бұйымдарымен тәтті тоқаштарын ұстаздарына сыйлады, жиын колледж көркем өнерпаздар ұйымының концерттік бағдарламасына ұласты.