Ағымдағы жылғы 9 ақпанда Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Владимирович Почивалов Шымкент қаласының барлық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өткізді. Бұл брифингке БАҚ пен әлеуметтік желілерде О.В. Почиваловқа қатысты, оны қазақ тілін білмейді, «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» нысанын ұйымдастыру кезінде мемлекет қаражатын жеке мүддеге пайдаланады, сондай – ақ ҚР мен РФ (Қазақстан мен Ресей Федерациясының) қос азаматтығы бар деп айыптайтын бірнеше мақалалар себеп болды.
Брифинг басында О.В.Почивалов мемлекеттік қызметкер ретінде әзірге мемлекеттік тілде сөйлей алмағандығы үшін кешірім сұрады. Содан кейін ол өзінің өмірбаяндық деректерін қысқаша сипаттап, сонымен қатар ата-анасы туралы айтты (бұған дейін «Өмір жанартауға ұқсайды» мақаласында 2020 жылғы 5 қарашада біз О. Почивалов және оның ата-анасы туралы біздің веб-сайтымыздың беттерінде жариялаған болдатынбыз, тілек білдірушілер «Өзекті» бөлімінде таныса алады). Почивалов ата-анасы оны өзінің туған қаласы Шымкенттің патриоты етіп тәрбиелеп өсіргенін баса айтты. Ол өзін Шымкент патриотымын деп санай отырып, ешқайда кетпейтінін және сол себепті «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» жобасын дамытып отырғанын айтты. Сонымен қатар Почиваловтың өзі және ата-анасы Шымкент қаласында стенд ату спортының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты, көптеген лайықты спортшылар тәрбиеледі.
Бұдан әрі О.В. Почивалов жоғарыда көрсетілген мәліметтер БАҚ пен әлеуметтік желілерде пайда болған деректер жалған болып табылатынын және оның беделін түсіруге ғана емес, сонымен қатар Шымкент қаласында спорттың дамуына нұқсан келтіруге бағытталғанын хабарлады. «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» базасын салу кезінде мемлекет қаражатын пайдаланғаны, сондай-ақ Ресей Федерациясының азаматтығы бар екендігі туралы айыптар шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты, ол қазіргі таңда сотта өзінің ар-намысын қорғайтын адвокат Евгений Анатольевич Яворскийді жалдады.
Содан кейін О. В. Почивалов аталған адвокатқа сөз берді. Е.А. Яворский өз кезегінде О. В. Почиваловтың қос азаматтығы туралы айыптаулар жала жабу сипатына ие болатыны туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынды.
Мәселен, 2021 жылғы 20 қаңтардағы «О. В. Почиваловты ҚР азаматтығынан айыру туралы қорытынды» ҚР ҰҚК-нің 24.12.2020 жылғы ақпараты негізінде шығарылған. Бұл ретте Шымкент қаласының полиция департаменті ҰҚК-нің ақпаратын адвокат Е.А. Яворскийге берген жоқ. Есесіне 2021 жылғы 22 қаңтарда Красногорск қаласы бойынша Ресей ІІББ-дан жауап қоса берілді, яғни «О. В.Почиваловты ҚР азаматтығынан айыру туралы қорытынды» Ресей тарапы жауап дайындағанға дейін екі күн бұрын дайындалған болып отыр. Ал бұл таза сандырақ, оның үстіне Ресейден жауап Қазақстанда адресатқа жетуі үшін уақыт қажет.
Бұдан әрі түсініксіз, егер Шымкент қ. ЖП ҚДСБ (көші – қон полициясы) 23.12.2020 ж. О. В. Почиваловтың РФ азаматтығын анықтау үшін РФ-ға өз бетінше сұрау жіберіп, 2021 жылғы қаңтарда жауап алса, «ҰҚК ақпараты негізінде жоғарыда көрсетілген «қорытындыны» асығыс шығару қажеттілігі неден пайда болды және неге сұрау салу РФ ІІМ орталық аппаратына емес, Красногорск қаласы бойынша Ресей ІІББ-не жіберілді?» деген сұрақ туындайды. Бұл ретте, Қазақстан тарапынан болған сұратуда қызығушылық тек О.В. Почиваловқа ғана танытылады, ал ресейліктердің жауабында Почивалова Зульфия Равшановна мен Почивалов Марк Олегович қосымша көрсетілген.
Ең бастысы, ұсынылған сұратулардан О.В. Почиваловты бір уақытта, бір-біріне тәуелсіз, ҰҚК және ҚР ІІМ тексергені көрінеді. Мұндай қызығушылық О.В.Почиваловтың әлеуметтік-қоғамдық қауіптілігімен туындауы мүмкін немесе оның «лауазымына тапсырыс түскен». Әрине, әрбір құрылымның қызметкерлері О.В.Почиваловтың қос азаматтығы туралы жедел ақпаратты дербес алып және оны тексере бастаған деп жорамалдауға да болады.
Шымкент қаласының спорт әлемі дағдарысқа ұшырауда деп айтуға болады. Алдын-ала алынған ресми емес мәліметтер бойынша, көптеген жаттықтырушылар мен спортшылар О.В.Почиваловпен болған жағдайды оның Шымкенттің спорт әлемінде бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынас жүйесін бұзуға тырысуына қарсы әрекет ретінде қарастырады, бұл бірқатар жауапты адамдардың жеке мүдделеріне әсер етеді.
Құрметті оқырман, бұл жағдайдың әрі қарай дамуын бақылауды жалғастырамыз және алынған нәтижелер туралы сіздерді хабардар етеміз.