МУХТАРХАН ДИЛЬДАБЕКОВ НАЗНАЧЕН РУКОВОДИТЕЛЕМ ГОРОДСКОЙ СПОРТИВНОЙ ШКОЛЫ

МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНЕ БАСШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
⠀
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласында спорт мектебіне басшылық қызметке келді. «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков тағайындалды.
⠀
Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.
⠀
Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2000 жылы), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999 жылы), Азия ойындарының чемпионы және 2 дүркін жүлдегері (1998, 2002 және 2006 жылдары). ОҚО, Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. «Парасат» орденінің иегері.
⠀
Мұхтархан Қобланбекұлының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!
⠀

МУХТАРХАН ДИЛЬДАБЕКОВ НАЗНАЧЕН РУКОВОДИТЕЛЕМ ГОРОДСКОЙ СПОРТИВНОЙ ШКОЛЫ
⠀
Директором КГУ Шымкентской городской специализированной детско-юношеской спортивной школы олимпийского резерва №1 назначен серебряный призер Олимпийских игр Мухтархан Кобланбекович Дильдабеков.
⠀
Спортивная школа открылась в 1997 году. Здесь проводятся занятия по 8 видам спорта: каратэ, таеквондо, кикбоксинг, бокс, дзюдо, вольная борьба, женская борьба и греко-римская борьба.
⠀
Мухтархан Кобланбекович Дильдабеков — Заслуженный мастер спорта Республики Казахстан по боксу, серебряный призер Олимпийских игр (2000 года), серебряный призер Чемпионата мира (1999 года), серебряный и бронзовый призер Чемпионата Азии (1999 и 2004 годов), чемпион и 2-кратный призер Азиатских Игр (1998, 2002 и 2006 годов), серебряный призер Афро-Азиатских Игр (2003 года). Почетный гражданин ЮКО, Мактаральского района. Кавалер ордена «Парасат».
⠀
Мухтархану Кобланбековичу желаем удачи в новой должности!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz