Әкемнен ақыл сұрар едім, әттең, мүмкін емес.

Менің әкем Ашрафи Рахман Якубұлы 1924 жылы Иранның Ардебил қаласында дүниеге келген екен. Әскери борышын атқарып жүргенде, Иран әскерінің бір дивизия сарбазын Әзербайжан Республикасына жібереді. Әсілі, дивизия командирі комунистік идеяға берілген жан болса керек. Әскери борышының мерзімі біткен соң иран сарбаздарын Кеңес елінде қалдыру үшін үгіт жүрген көрінеді. Туған елін, Отанын кім өз еркімен тастап кете қойсын, Сталиндік саясаттың «үй береміз, жағдайларың жақсы болады» деген жалған ертегісіне сенбей, Кеңес елінің азаматтығынан бас тартады. Бірақ «мұртты көсемнің» қанды уысына бір түскен соң, оңайлықпен босатпасы белгілі, тұтас дивизияның солдаттарын «шекараны заңсыз бұзды» деген желеумен қамауға алады. Әкем қарулас достарымен бірге «Тройка» сотының шешімі бойынша Сібірдегі Архангелск облысындағы түрмеге 3 жылға сотталады. Түрмеге түскен 2000 сарбаз аштық пен аурудан, суық пен азаптан шыбындай қырылып, небәрі 600 сарбаз тірі қалады. Екі жылдан кейін қалған бір жылын өтеу үшін Қазақстанға айдалады. Шымкент түрмесіндегі жазасын өтеушілермен бірге қаладағы «Пресс автомат» зауытының құрылысын салады. «Ол кездегі көрген азап, тартқан мехнатты кейінгі ұрпақтың басына бермесін» деп отыратын марқұм әкем Рахман.

1949 жылы жазасын толық өтеген әкемнің еліне қайтуына рұқсат етпейді. Жалғыз оны ғана емес, түрмеден шыққан барлық сотталушыларды қазіргі Түркістан облысының совхоз-колхоздарына әкеліп тастайды да, қара жұмысқа жегеді. Қазіргі Боралдай (сол кезде «Сталин») ауылының дәм тұзы әкеме осылай бұйырған екен. «Бізді әкелгенде ауыл халқының тұрмысы өте төмен еді. Соғыстан кейін елдің еңсесі көтеріле қоймаған уақыт. Халық аштық пен ауыр қайғыдан әлі арыла алмаған. Әрбір үйдің соғыста шейіт болған азаматы бар. Көз жасына тұншыққан әйелдерді, әкесін сағынған баланы, бауырын сағынған өрендерді көретін едік» деп есіне алушы еді Әкеміз.
Елдімекендерде қара жұмыс істеп адал еңбек етсе де қанқұйлы Кеңес саясаты оларға сене қоймаған. Әрбір сотталушының соңында салпаңдап «үш әріптің» адамы жүретіні тағы бар. «Үкімет сенбегенімен айналайын қазақ халқы дархан мінезімен, баладай аңғал пейілімен бауырларына тартты. Өздері саманнан салған ескі үйлеріне сыймай отырып, бір бөлмесін бізге бөліп берді. Бір табақ айранын бөліп ішіп, бір үзім нанын бөліп жедік. Қазақ елінің бұл жақсылығын ұмытпау сендерге аманат» дейтін әкем Рахман.
Ол кісінің әңгімесіне елтіп өскен біздер адамдар арасында мейірім мен сенім, ынтымақ пен бірлік салтанат құрса, алынбас асу жоғын түйсініп өстік. Әкем алғаш осы ауылға келгенде Ибат есімді қазақ әйелі үйін босатып беріп, көп көмектескен екен. Ол кісіні әпке тұтып өле-өлгенше сыйлап, құрметтеп өтті. Ибат апамызды көзіміз көрді, шешемізді «келін» деуші еді. Барлық қуанышымызға ортақ болып, мейірімін төгіп жүрді. Өз елінен алыста, әке-шешесін, бауырларын сағынып жүрген иран азаматына аналық мейіріммен, апалық құрметпен қараған Ибат апамызды әліге дейін сағынамын.
Әкем совхозда құрылыс цехында жұмыс істеп жүріп, Агишева Сарвармен танысқан екен. Анамыз да сол кездегі сұм саясаттың зардабын тартқан жан. Нағашы атамыз Байрамғали отбасымен Оренбург облысынан алдымен Өзбекстанның Ташкент қаласына, сосын 1936 жылы Қазақстанға қоныстанады. Анам мен әкем 1952 жылы шаңырақ көтеріп, 6 ұл, 4 қыз баланы өсіріп, жетілдірді.
Біздің бала кезіміз де аса бір молшылықта өткен жоқ. Шиеттей он баланы асырау оңай болған ба, әйтсе де ел іші алтын бесік деген қазақтың ұлы қағидаты өміршеңдігін дәлелдеді. Бірде аш, бірде тоқ жүріп елмен бірге өсіп өндік. Шүкір дейік бүгінгі күнге жеттік. Әкеміздің жас кезінде көрген азабы уақыт өте келе айқындала түсті. 1969 жылы бір аяғын кестірді. Екі жылдан кейін науқасы меңдеп, екінші аяғын кестіруге мәжбүр болды. Екі аяғынан бірдей айрылса да қол қусырып қарап отырған жоқ. Етік тігуді үйреніп алды да, таңертеңнен кешке дейін ұстаханасында балғасын тықылдатып, бізін шаншып отырды. Ол кісі аяғынан айрылғанда үлкен ағам Рахим жұмысқа жарап қалған еді. Сол бауырым, «сіз енді үйде болыңыз. Қара жұмыс істесем де отбасының ендігі қажетін мен өтеймін» деп жылағаны есімде. Сонда әкем ағамды жұбатып отырып: «мен тірі тұрғанда сендер оқуға тиіссіңдер. Аман болсам оқытамын. Заман бұлай тұра бермес» деп сөзінің аяғын жұтып, терең күрсінгені бар. Денсаулығынан айрылса да, қайратын жоғалтпаған ардақты әкем біз үшін қара басын бейнетке тігіп өтті өмірден.
Ол кісінің барында үйде береке бар екен. Араласатын жора жолдастары, ағайынға бергісіз бауырлары көп еді. Шағын үйіміз думандатып жататын. Біздің шаңырағымыз қазақ та, күрді, өзбек, орыс, шешен иран т.б. ұлттардың бас қосатын достық мекені секілді еді. Тіпті бірде совхозға кірпіш шығару үшін келген бір топ дағыстандық азаматтарды ертіп келгені бар. Олар шайға тұз салып ішеді екен. «Әр ұлттың өз салты, дәстүрі болғанымен ортақ мүддесі татулық пен мейірім» дейтін әкеміз сондай сәттерде. «Тым шалқаймаңдар. Шалқая берсең, шалқаңнан құлайсың. Еңкейгеннен ештеңең кетпейді, ары кетсе басың жерге тиер» деп отыратын әкеміз. Кішіпейіл болыңдар деген өсиетін осылай ұғындырып өтті.
1959 жылы біздерге Иранға қайтуға рұқсат беріліпті. Ол үшін Иран азаматы болуың міндетті. Әкейдің мүмкіндігі болғанымен, шешеміз кете алмайды. Әкем осы жағдайды айтып Иранға хат жазған екен. Ол кезде Қазақстаннан жіберген хат үш Иранға жеткенше үш ай жүреді. Ол жақтың жауабы сан алуан тексерістен өтіп келгенше тағы үш ай өтеді. Бір хат жазып, жауабын алу үшін алты ай уақыт керек. Сонда әкеміздің әкесі, атамыз Якуб баласына: «балам, сен кеткелі біздің де көзіміз жас, көкірегіміз мұңға толып отыр. Әйтсе де тағдырдың салуына көндік. Сенің отбасың, балаларың бар. Оларды алып келуге рұқсатың жоқ. Балаларыңды тірі жетім етіп тастама. Саған сеніп етегіңнен ұстаған келініміз Сарварды жалғыз қалдырма. Баласыз қалудың қасіретін біз татып көрдік. Әкесіз өсудің азабын да білеміз. Сондықтан отбасыңмен бірге бол» деп арнайы хат жазып, батасын жолдапты. Әкем бізді тастап кете алмай, әрі бауыр басып қалған, тумаса да туғанындай болған ел-жұртты қимай қалған екен.
Әкеміз Рахман 1981 жылы дүниеден өтті. Ағайын туысын, бауырларын, ата-анасын көре алмады. Тәуелсіздіктің арқасында ол кісінің көре алмаған бақытын біз көріп жатырмыз. Егемендікке қол жеткізгеннен соң, ағайын-туыспен қауыштық. Әйтсе де, біз қазақтың «кіндік қаны тамған жер» дейтін киелі ұғымын санамызға сіңіріп өскенбіз. Сондықтан Қазақстан өз еліміз, қасиетті мекеніміз. Бұл жерде әкеміздің сүйегі жатыр. Кезінде бізді қимаған, тастап кетпеген жанды біз де қараусыз қалдырмақ емеспіз.
Бүгінде өзім үш қыз екі баланың әкесімін. Төрт немерем бар. Егер әкем тірі болса, «ұрпағым мейірімді, саналы, адалниетті азамат болып өсуі үшін қандай тәрбие беруім керек?» деп сұрайтын едім, әттең, ол мүмкін емес.
Бадир АШРАФИ.
Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты,
«Достық» өндірістік кооперативінің төрағасы.Әкемнен ақыл сұрар едім, әттең, мүмкін емес

«Достық» өндірістік кооперативінің төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Воскресенье 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz