ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ ҚАЙТА ОРАЛУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ ТУРАЛЫ
Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Өз кезегімде, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы баяндап, шектеу шараларын жеңілдету жөніндегі ұсыныстарды жеткіздім. Індеттің таралу өсімі тоқтады және медицина мамандарының жүктемесі азайды.
Осыны негізге ала отырып елімізде карантиндік шараларын біртіндеп жеңілдетуге шешім қабылданды. Сонымен, 2020 жылғы 17 тамызынан бастап барлық өңірлерде сауда ойын-сауық орталықтары, сауда желілері, жабық базарлар, сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін кәсіпкерлік субьектілерінің қызметі жанданады.
Сонымен қатар, бассейні жоқ фитнес орталықтар, бассейні жоқ моншалар мен сауналар, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары, ашық ауадағы аттракциондар жұмысын бастайды. Ескеретін жәйт, аталған субьектілер мейлінше жартылай қуаттылықпен жұмыс істегені дұрыс. Тұтынушыларды топтап қабылдауға болмайды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер үшін қызметкерлердің 80% қашықтан еңбек ету ережесін сақтауы ұсынылады.
Мына санаттағы шараларға тыйым салынады: Бұқаралық сипаттағы спорттық шаралар, отбасылық мерекелер, ас беру, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге. Ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмыс істеуіне әзірге рұқсат етілмейді. Бұдан басқа, мұражайлардың қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге де тыйым салынады.
Бассейндердің, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің, діни нысандардың жұмысына уақытша тыйым салынады. Мән беру маңызды!!! Жұмыс күндері карантиндік шаралар жеңілдегенмен, демалыс күндері карантин тәртібі қатаң сақталады. 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуы шектеледі. Қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтайды және демалыс күндері жұмысқа баруға тыйым салынады. Сенбі-жексенбіде тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмысына рұқсат етіледі.
ПОСТПАНДЕМИЯ ИЛИ КАК БУДЕМ ВОЗВРАЩАТЬСЯ К ОБЫЧНОЙ ЖИЗНИ
За пять недель карантина в Казахстане удалось значительно сократить распространение коронавирусной инфекции и снизить основные показатели нагрузки на систему здравоохранения. Поэтому сегодня на заседании Государственной комиссии принято решение о постепенном снятии ограничений.
Что это означает? С понедельника 17 августа возобновят работу ТРЦ, торговые дома, непродовольственные рынки, дежурные группы в дошкольных организациях, салоны красоты, фитнес-центры и ряд других объектов.
Пандемия закончилась и мы постепенно возвращаемся к обычной жизни. Обязательным для граждан остается ношение масок, соблюдение социальной дистанции. Нам по-прежнему придется отказаться от проведения массовых, праздничных и памятных мероприятий. Это необходимые меры безопасности, без которых нам не обойтись. Ведь один заболевший может заразить несколько десятков человек. Нам не нужно повторять ошибки выхода из первого карантина, когда инфекция начала наступать с новой силой.
Госкомиссией принято решение пока ослабить ограничения только в будние дни. На следующих выходных страна вновь на два дня вернется в карантин. Опять же, это делается для того, чтобы остановить распространение инфекции. Таким образом, 22 и 23 августа будут действовать ограничение на передвижение лиц старше 65 лет, будет остановлен общественный транспорт, а бизнесу вновь придется остановить работу. Исключение будет распространяться только на продуктовые магазины и аптеки.