Шымкент қаласының құрметті азаматы, Түркістан облысының ата-аналар кеңесінің төрағасы журналист Ануарбек Бейсе аға 76 жасқа қараған шағында әлем жайлаған індеттен мәңгілікке аттаныпты.
Асыл ағаның Зайыбы Фатима Бейсеева екеуінің үкілеп отырған қызы Айжан Бейсеева бүгінде Шымкенттегі №35 жалпы орта мектепте директор орынбасары қызметін атқарып келеді. Ағаның жарқын күлкісі мен айбатты сөздері көз алдымда. Опасыз дүние деген осы болар?.. Кеше елдің төрінде жайқалып жүрген Ануар аға .. Өмір ғой!.. Алдынан жарылқасын!
Журналистика саласында ойып алар орны бар НАР тұлғалы Ануар Бейсе ғұмырында абыройлы қызмет атқарды. Оның қоғамдағы тынымсыз қарекеттері мен ерен еңбектерін оның үзеңгілес достары мен қаламгерлер қауымы жақсы біледі.
Тозбас соғылмайды, өлмес жаралмайды. Бұл — өмір шындығы.
Ануар ағаның қазасына туған-туыстарын
Тал бесікке түскен жер бесікке де түсетіні қаншалықты ауыр болса да, хақтың жазғанын көріп, көну — тірінің еншісінде. Марқұм Ануарбек Бейсе ағамыздың рухы пейіште шалқысын!