ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ «ДІН ЖƏНЕ ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒАЛЫМДАР МЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен жастар ресурстық орталығында мегаполистің белсенді жастарымен «Дін жəне жастар» тақырыбында  кездесу болып өтті. Кездесуге белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы — «Имани гүл», «Ислам ғылымхалы», «Дін мен діл», «Ақиқат шуағы», «Күдікпен күрес» кітаптарының авторы, «Нұр- Мүбарак» университетінің ұстазы, «Islam.kz» ұлттық, рухани ағарту порталының редакторы бүгінде PhD ғылыми дәрежесіндегі доктор жəне теология, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай сондай-ақ Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева кездесуді жүргізіп отырды. Кездесуге Индустриалды-құрылыс колледжінің студенттеріде қатысты.
Бүгінде өзектілігі мен маңыздылығы артып отырған мәселеге қатысты ғалым ағалар ой бөлісіп, жастармен пікір алысты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz