«Салауатты өмір салты»

Дүниедегі мамандық атаулының төресі- ұстаздық. Осынау ұлы тұлға болып табылатын Ұстаздар  мерекесі қарсаңында №129 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық білім басқармасының 26.09.2019ж.

№10-05-43/73/81/1 хаты негізінде «Ұстазға тағзым» апталығының іс-шара жоспары жасалды. Жоспарға  сәйкес  5.10.2019ж күні «Салауатты өмір салты» атты ұстаздар арасында эстафеталық жарыс өткізіліп, жарыс қорытындысы бойынша  І орын- «Математик» (математика бірлестігі), ІІ орын – «Болашақ» (бастауыш бірлестігі-1), ІІІ орын-«Самғау» (бастауыш бірлестігі-2)  жеңімпаз командалары  арнайы дипломдар мен І орын- 25.000теңге, ІІ орын -15.000 теңге, ІІІ орын -10.000 теңге сыйақы сертификаттарына ие болды. Жарысқа қатысушы командалар мектеп әкімшілігі атынан  Алғыс хатпен марапатталды.  Жарыс соңы «Ұстаз болу жүректің батырлығы» атты мектеп оқушыларының  ұстаздар мерекесіне арналған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Адамның адамшылығы -жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай,  мектеп директоры Г.Б.Алматов  еңбегін бағалауға  лайық бірқатар ұстаздарға мектеп әкімшілігі, кәсіподақ ұйымы және Әл-Фараби ауданы әкімшілігі атынан Алғыс хаттармен марапатталды. Жасына қарамай, өз көңілін қашанда жас ұстауға талпынған жастар арасында белсенділікпен жарыс алаңына шыққан ұстаздарымыз У.Акжигитова мен Б.Юсупбаеваны шет қалдырмай ерекше құрметпен мектеп директоры өз атынан Алғыс хат пен және қаржылай 5000тг сыйлықтар табыс етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz