«ЕЛ ТІРЕГІ – ЕРІКТІ ЖАСТАР» АТТЫ РЕКТОР КУБОГЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2020   жылдың 18-19 қаңтар күндері ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «2020 жыл – Еріктілер жылы» болып бекітілуіне орай, Халықаралық гуманитарлық – техникалық университеті мен университет жанына құрылған «Риторика» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен ректор кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында өтті.

Ректордың кубогы үшін ұйымдастырылған   пікірсайыс турниріне Нұр-сұлтан, Алматы, Орал, Қостанай, Түркістан, Шымкент  қаласынан жиырмаға жуық  ЖОО –ның 100 шақты қатысушысы 50 топқа бөлініп бақтарын сынады.

Жалпы іс – шараның ашылу салтанаты Жастар ресурстық орталығында өтті. Онда алғашқы сөзді алған университет ректоры т.ғ.к., профессор Акмалдин Сапардинұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі ниетін жеткізді. Қонақтарға әдемі ән кеші ұйымдастырылып, соңынан пікірсайыс оқу орданың ғимаратында жалғасын тапты.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі І – орынды Қ.Сатбаев атындағы Қазақ Техникалық университетінің студенттері Мадиярұлы Еркебұлан мен Мұхаммед Диас, ІІ – орынды жеңіп алған студенттер  – НАРХОЗ – да оқиды. Жүлделі ІІІ – орынның иелері Түркістан қаласының Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенттері Сапарқұл Жансая мен Бердияр Динара. ІV- орынды Шымкенттің ОҚМПУ-дің  студенттері Сейдазым Балнұр мен Пірімқұл Жанерке жеңіп алды. «Ең үздік спикер» Мадиярұлы Еркебұлан (Алматы, Сәтбаев). «Үздік спикер» Абдулиев Бағлан (ЕНУ, Астана), «Ең үздік төреші» Шахан Айгерім (Шымкент, Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университеті) номинацияларымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz