«Абайдың отыз екінші қара сөзі» А.Навои атындағы 11 жалпы орта білім беретін мектебінде

Қалалық білім бөліміне қарасты А.Навои атындағы 11 жалпы орта білім беретін мектебінде 10 «А» сынып оқушыларымен Абайтану сабағында «Абайдың отыз екінші қара сөзі» тақырыбында  сабақ  өтілді.

Сабақта ой қозғау сұрақтары арқылы үй тапсырмасын бекітіп, жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылып,  тапсырмалалар орындалды. Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын латын графикасына негізделген әліпби саны бойынша (яғни, 32 әріп) ашып берілген тапсырмалардың дискрипторлары арқылы оқушылар өз ойларын ұлттық дүниетаныммен байланыстырып нақты жауап беріп, толық қатысып отырды.

Сонымен қатар, Ұлы Мұхтар: «Мен Абай  ілімін тереңінен шөміштеп қана іштім». Ал, сіз «Ұлы ғұлама жайлы  тереңінен тек қана дәм таттым» деген оймен келісесіз бе? деген сұраққа оқушылар ұрпақты оқу-білімге, үнемі ізденіске шақыратындай етіп, қара сөздің мәтінінен үзінділерді қолданып аманат хат жазды. Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы  топтық-жұптық жұмыстарды орындап, ҚБ, кері байланыс арқылы бірін-бірі бағалап отырды.

Сабақты бекіту барысында оқушылар «ПОПС» формуласын толтырды. Жалпы, сабақ мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

salem-shym.kz