Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Кодексі «Халық және халық денсаулығын сақтау жүйесі» Заңдарымен таныстыру мақсатында 9 «Б» сынып оқушыларымен сабақ өткізіліп, оқушылармен бүгінгі күні қоғамдағы маңыздылығымен ой бөлісіп, пікір алмасты. Сабақ барысында Заңдар туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар тақырып аясында бүгінгі сабақтан түйген өз ойларын постерге түсірді.