ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТТІК.

Мереке қарсаңында «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Мерекелік концертке оқу ордамыздың ректор,м.ғ.д.,профессор, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Рабиға Әбдімұсақызы сонымен бірге  Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Мұсабаев Алдияр Жорабекұлы мен студенттер және университет ұжымы қатысты.

Шара барысында Елбасының өмір жолы мен ел үшін атқарған жұмыстары жөнінде баяндап берген Алдияр Жорабекұлы студенттерге сәттілік тілеп, шараға қатысқан жастарға ақыл-кеңестерін де айта кетті. Одан сөз сөз тізгінін алған университет басшысы Рабиға Әбдімұсақызы: «Осындай бейбіт елде, керемет күн кешіп жүргеніміз біздің Тәуелсіздігіміздің,тұңғыш елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында, сіздер бақытты жансыздар. Барлық жағдай жасалған мемлекетте өмір сүріп жатырсыздар» — деп атап өтті өз сөзінде.

Мұнан соң концерттік бағдарламаға жалғасқан шарада би биленіп, әсем әндер шырқалды.Бұдан бөлек Елбасының Президент болған сәті мен сол кездегі Қазақстандықтардың көңіл-күйін бейнелеген қысқа метражды бейне фильм көрсетілді. Сонымен бірге шарада университет жанына құрылған «Сырлы қалам» әдеби жастар ұйымының мүшелері Елбасы жайында жүректерінен жарып шыққан өлең шумақтарын арнады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Пятница 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Пятница 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz