Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінің ұжымы қашанда игі бастамалардың көш басында жүреді. Білім беру жолында үкілі үміттің үдесінен шығып отырған білім ордасында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жүйелі жұмыстар да жүргізіліп келеді. 100 жылдық тарихы бар мектебімізде оқушыларымыздың мол білімді азамат болып тәрбиеленуіне жан-жақты жағдай қарастырылған. Оқушыларымыздың білімге деген зейінін арттыру мақсатында мектебімізде ғылыми-практикалық конференциялар, пән олимдиадалары, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар, түрліше байқаулар ұйымдастырылып отырады. Осындай іс-шаралардың жалғасы математика әдістеме бірлестігінің «Математика – ақыл-ойдың тірегі» атты тақырыбында өткен аптылығымен жалғасын тапты.
Келешегіміздің келбеті, тәуелсіздігіміздің тірегі, егеменді еліміздің ертеңі білім екенінде дау жоқ. Ежелгі математик С.Д. Пуассонның: «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі — математикамен шұғылдану, екіншісі — одан сабақ беру керек» депті. Осыдан –ақ математика пән мұғалімдерінің абыройының асқақ екенін аңғаруға болады. Осы беделі биік мамандық иелерінің бастамасымен өткізілген математика пән апталығының ашылуында сөз алған директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Радагүл Ибраева, «Оқушыларымыздың зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін ояту, ғылыми ізденістерін үйретуде, оқушылар арасынан талантты шәкірттеріміздің анықталуы, жалпы мектебіміздің оқу тәрбие ісінің деңгейін көтеруде апталықтың ықпалы зор» екенін атап көрсетті. Апталықтың жоғары дәрежеде өтуі ең алдымен апталықты мақсаты мен міндеттерін дұрыс таңдауға байланысты болу қажет-ақ… Өйткені, қазіргі кезеңдегі мектеп математикасындағы әлі шешімі табылмаған мәселелер аз емес. Соның бірі оқушыларымыздың логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілде сауаттылығын дамыту, білім алуға деген қызығушылығын арттыру болды. Осындай мақсаттардың көкжиегін кеңейту мақсатында өткізілген апталып барысында математика пән мұғалімдерінің жаңа форматта өткізілген ашық сабақтары, түрлі ойын сабақтар, маңызы бар кештер болды. Апталық аясында математика пәнінің мұғалімдері Ұлсүйер Каштанова, Қызайхан Утегенова, Исатай Жумалиев, Гаухар Түктібаева, Зауре Сарсенова, Абылайхан Турсынов, Маржан Бердикулова, Жахия Күлайша, Акбота Кидирбаева, Кулаш Туреханова, жас мамандар Пернебек Әсел, Мамет Бақытжан, Бейсеқұл Нұрзат және басқада мұғалімдердің апталық аясында өткізген ашық сабақтары жоғары деңгейде бағаланды. Өткізілген ашық сабақтар барысында оқушылардың математика пәнін жақсы меңгергендері, пәнге деген қызығушылықтары көрініп тұрды. Математика пән бірлестігінің мұғалімдері жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша алдыңғы біліммен ұштастыра отырып жоғары деңгейде сабақ өте білді. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті, өздерінің ойларын дұрыс әрі нақты жеткізе білуі, сабаққа қатысу деңгейі жоғары болды. Оқушылардың шығармашылық тапсырмалар мен топтық жұмыс жасауға дағдыланғандары көңіл қуантарлық жағдай. Аталған апталық аясында ашық сабақтардан бөлек, түрліше форматтағы іс-шаралармен жалғасын тапты. «Математика ақыл-ойдың тірегі» атты апталықтың қорытынды кеші ұйымдастырылып, оған мектебіміздің талантты шәкірттері ән мен күйден тарту жасап, әсерлі кештің ел есінде көпке дейін сақталып қалуына атсалысты. Апталық аясында ұйымдастылған іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларымыздың басым көпшілігі мектеп директорының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Жылдағы дәстүрінен жаңылмай, биылғы жаңа оқу жылында да жалғасын тапқан математика пән бірлестігінің апталығы қызықты әрі жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Ал, мұндай маңызы бар мазмұнды жұмыстар болашақта да өз жалғасын таба бермек!
Асем Кезенбаева, №7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі.