Тоғабаев Мошқал

Елім деген ерлердің
Аты ешқашан өлмейді.
Мәңгі алаудың жалыны
Ешқашан да сөнбейді.

Дүниені дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына да 75 жыл толыпты. Ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен әкелеріміз бен аға-әпкелеріміздің де қатары әбден сиреді.
Сол Отан үшін ерліктің, қан майданның тағы бір куәгері, аман-есен оралып, еліне қызмет көрсеткен тағы бір ардагеріміз Тоғабаев Мошқал атамыз Чимкент қаласы Түлкібас ауданы Димитров селосында шаруа отбасында 1921 жылы дүниеге келген. Сол жылдардың тұрмыс-қиыншылықтарын ата-анасымен бірге көріп, өзіне ыңғайлы уақытта білім алып, жұмыс істеп жүрген жасөспірім соғыстың басталғанын естіп өз еркімен 1941 жылдың қыркүйек айында Отанын қорғауға аттанады. Сталинград қаласындағы «369 атқыштар дивизиясында» соғысқан. Қан майданның қиыншылығын, қастығын, қасындағы ер азаматтардың өлімін көрген майдангер жігерленіп Отан үшін күресін жалғастырады.
1944 жылы Польшадағы соғыста аяғынан ауыр жарақат алып госпитальға түседі.
1945 жылы Жеңіспен елге оралып, өз туған ауданы Түлкібаста бірнеше қызметтерде жұмыс атқарды. Соғыста көрсеткен ерең ерлігі үшін алған медаль, ордендеріде бар.
Әрине, Тоғабаев Мошқал өз еліне еңбек сіңіріп, отбасын құрып 9 баланың әкесі болды. Балдарын оқытып, еңбекке баурап, ардақты әке, аяулы ата атанып, 63 жасында 1984 жылы өмірден озған.
Соғыстағы жеңіс — ол бірлігі мол, елдің Отанға деген сүйіспеншілігінен туындаған жеңіс.
Бұл адамдардың Отанға сіңірген еңбегі әрдайым әр жанның жүрегінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Воскресенье 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz