Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2020 жылдың 27–31 қаңтар аралығында «Табиғаттағы барлық жылу–күннен, өмірдегі барлық жылу–адамнан» тақырыбында химия, биология, өзін – өзі тану пәндер апталығы болып өтті.
Апталықтың мақсаты: жаратылыстану ғылымдарының аумағындағы білімді шығармашылық пен құндылықтарын сипаттайтын оқушылардың функционалдық көзқарастарын қалыптастыру. Апталықтың ашылуында оқушылардың қабырға газеттері ілініп, «Үздік қабырға газеті» сайысы өтілді. Оқушыларға қызықты жұмбақтар жасырылып жауабын тапқан оқушылар жүлделермен марапатталды. Апта бойы бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар өтті. Мұғалімдер ашық сабақта жаңа әдіс – тәсілдерді, ойын түрлерін қолдана отырып оқушылардың белсенділіктерін, пәнге қызығушылықтарын арттыра білді. Апталықтың жабылуында оқушылар пәндік терминдердің қаншалықты меңгергендерін көрсете білді. Табиғатқа, ғылым-білімге, адами қарым-қатынасқа қатысты мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Апталыққа белсене қатысқан, үздік қабырға газеттерін шығарған оқушылар жүлделермен марапатталды.