ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚУАНЫШ СЫЙЛАЙЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің –деген бабалар өсиеті бекер айтылмаған, сірә!

Президентіміз, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды» деген болатын. Осы мақсатта, 2021 жылдың 18 наурыз күні «Игі істер күніне» орай «Қуаныш сыйлайық» тақырыбында қамқоршылық-қайырымдылық акциясына колледж әкімшілігі мен ұстаздары, сондай-ақ демеушілер қол ұшын берді.

Аталған іс-шараны ұйымдастырып, өткізуге колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Н.Ерғазы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Назиров, әлеуметтік педагог Х.Курганбаева атсалысты. Қамқоршылық акциясында колледжде оқитын аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасынан шыққан студенттерге, жетім, қамқоршысынан айрылған жасөспірім балаларға азық – түлікпен көмек көрсетілді. Акцияны ұйымдастырып өткізуге демеуші болған «Фирдаус» атты қайырымдылық ұйымына, жеке кәсіпкерлерге, колледж ұжымына алғыс білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz