ҮСТЕМЕ ЖҰМЫСТЫ БОЛДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН
Бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Департаментінде Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысты болдырмау мәселесі талқыланды. Бұл ретте, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тікелей тапсырмасы қала әкімінің назарына жеткізіліп, 2021 жылдың
25 қарашасында жергілікті орган басшыларының қатысуымен жиын өткен болатын. Үстеме жұмысты қадағалайтын ақпараттық жүйені барлық органдарда орнату және «Е-қызмет» жүйесімен ықпалдастыру жұмыстарына қаржы-қаражатты бөлу маслихат сессиясында да қаралған болатын. Осы орайда, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының есебі тыңдалды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қала аумағындағы мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс жасау көрсеткіші едәуір төмендеген болатын. Алайда, бұл көрсеткіш Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында 1091 сағаттан асып, теріс нәтижені көрсетуіне байланысты әкімшіліктің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Б.Мелдебековтың есебі тыңдалды. Нәтижесінде Әдеп кеңесімен бұзушылықтарды болдырмау туралы нақты ұсынымдар берілді.