«Ұстаз-ұлы есім!»
Дүние есігін шыр етіп ашқан сәтте,өмір сыйлаған аяулы ана
бауырына басса,білім ұясына қонған сәтте қамқорлығына алатын тағы бір ана -Ұстаз.
Екінші анамыз,аяулы ұстазымыздың біздің өмірімізде алатын орны ерекше.
«Ұлы есім иесі ұстаз,әрбір шәкіртінің өмірде өз жолын табуына бірден бір септігін тигізетін
бағыт бағдар беруші».
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен-ақ ұстазынан ерекше жылу сезінетін бала көңіл,ендігі
болашағының расында сенімді қолға тапсырылғанын,мектеп қабырғасында тәлім тәрбие
алып,өз жолын табуға бағыт-бағдар берген ұстаздың жылдап сіңірген ерен еңбегін,түлеп
ұшқан сәтте бас иіп мойындайтыны дәләл.Алғаш қағаз бетіне түскен көк сия да,ежелеп
оқыған алғашқы сөздер де мұғалімнің колдауымен бастау алады.Менің ойымша,әріп
танып,сөйлем жазуымыздың да себепкері болған шыдамды ұстаздар қауымының атқаратын
жұмысы кез-келген адамның қолынан келе бермейтін шеберлік. Ұстаз бойынан қайталанбас
ерекше тұлға көргендіктен болар бәлкім,менде балалық шағымда мұғалім болуды
армандайтынмын.Өсе келе сан түрлі адамға тән адамгершілік қасиеттердің,бір ғана
ұстаздың бойынан табуға болатынын аңғарғандаймын. Себебі ұстаз
ақылды,адал,еңбекқор,шыншыл,қамқор айта берсе таусылмайтын ізгі қасиеттердің иесі
екені бәрімізге белгілі.
Бала тарбиесімен қоса,білім деңгейін қатар алып жүру қай уақытта болмасын оңайға соққан
емес.Осы қиындыктарды тапжылмай еңсере білетін аяулы ұстаздар қауымына бас иемін!
Сіздердің саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы сіңіретін енбектеріңіз үшін мың алғыс
айтып,шын жүректен келіп жеткен төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!Аса қадірлі
ұстаздар,сіздердің арқаларыңызда өз жолымызды тауып болашаққа нық сеніммен
қараймыз!
жазған:Сағындық Әсел Бекжанқызы
мектебі:Өмірбек Арсланұлы Жолдасбеков атындағы 9IT лицей
сыныбы:11фмқ2
Керемет!
Керемет!Рахмет!
Кремет. Молодец Асел!
Недеген сөздер, КЕРЕМЕТ
Золотые слова!!керемет!
Оте керемет жазылган
Керемет!!!
Өте керемет жазылған
Өокенің өссін!Биіктен көріне бер,шыңдарды бағындыра бер!
Керемет айтылған ой екен. Ұстаздар жұмысын қадірлей білейік, балаларымызға тәлім тәрбие, білім беріп отқан осы кісілер.Статьядағы сөздерді оқып тәнті болдым, ұрпағымыз осындай саналы болса бір ғанибиет емес пе?! Биік белестерден көріне беріңіз Әсел, біз сізге сенеміз!
Керемет жазылған мақала
Өте тамаша керемет мектеп бітіргеніме 17жыл болды осыны оқып ұстазым бір еске түсіп көзіме ыстық жас келді жарайсын қарындасым жасай бер алға!
Осыдан 20 жыл бұрын мектеп табалдырығынан құстай ұшып жаңа өмірге қадам басқан едім…
Осы мақаланы оқып көзімнен ақ моншақтар еріксіз жауындай төгілді…
Қызым әр басқан қадамыңа тек сәттілік тілеймін!
Бақытты бол!
Өте тамаша!!!
Ракмееет!
Керемет создер!
Керемет создер!
Ракмет!
Өте жақсы жазылған, әрі дұрыс, келесі жазуларды күтеміз!!