Шымкентте көп қабатты 41 үйдің қасбеті жаңаруда

Шымкентте көп қабатты 41 үйдің қасбеті жаңаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде жөнделуі қажет 71 үйдің тізімі жасалды. Көп қабатты үйлердің сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жобасы 2 кезеңге бөлінген.

Бірінші кезекте Республика және Тәуке хан даңғылдары бойындағы үйлердің қасбеттері ретке келтіріледі. Осы мақсатта қазіргі таңда аталған орталық көшелерден 41 үй анықталған.

Жалпы 41 үйдің қасбетін жөндеу үшін 13 мердігер мекеме тартылды.

Бүгінгі таңда мердігер мекемелер мен басқарма мамандар үйлердің жағдайын зерделеп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Абай ауданы бойынша 17 үйді жөндеуді (жалпы ауданы 18 000 ш.м.) 5 мердігер мекеме және 133 құрылысшы атқаруда. Қазіргі таңда 4000 ш.м. құрылыс сатылары құрылып, 6000 т.м. құрылыс материалдары жеткізілген.

Әл-Фараби ауданы бойынша 24 үй бойынша (жалпы ауданы 26 290 ш.м.) 8 мердігер мекеме және 128 құрылысшы жұмыс істеуде. Екінші кезекте Темірлан тасжолы, Бейбітшілік және Жібек жолы көшесі бойында орналасқан көп қабатты 30 үйдің қасбеті жөнделеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Воскресенье 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Воскресенье 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz