Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ұлы Отан соғысының ардагері Шаля Анна Федоровнаны 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ардагерге жылы лебізін білдірген қала әкімі ІІ Дүниежүзілік соғыста апа-әпкелеріміздің көрсеткен жанқиярлық ерліктері мен жаужүректілігін мәңгі естен шағармайтынын, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңістің біз үшін маңызы ерекше зор екенін атап өтті.
Анна Федоровна майдан даласындағы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі ұрпақтан Тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт өмірдің қадірін ұғынуды өтінді.
— Сіздер нәзік жандылардың қаншалықты қайсар екенін көрсеткен жансыздар. Осынау тыныш заман үшін біз сіздерге қарыздармыз, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Айта кетейік, Анна Шаля 1923 жылы 12 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Вревск ауылында туған. 1941 жылы радиотелеграфист курсын бітірген. Воронежде 40 армия штабында әскери қызметін атқарған. 25 дивизия есебінен 63 байланыс радиорота бөлімінде радист болған. Воронеж-Косторск операциясында алғашқы рет соғыс майданына енген.
1944 жылдың басында Румыния, Венгрия, Чехославакия шекарасынан өтіп, Звенигород, Богуслав, Умань қалаларын азат етуге қатысқан. «Қызыл жұлдыз» орденімен, II дәрежелі «Отечественная война» медалімен және мерейлік медальдармен марапатталған.