Шымкент қаласында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру мәселесі бойынша семинар тренинг өткізілді

Шымкент қаласында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру мәселесі бойынша
семинар тренинг өткізілді

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері бұзушылықтарды алдын-алуға, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізуге басымдық беруде.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «Құқықтық сауаттылық» жобасы аясында Персоналды басқару қызметі қызметшілері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру мәселелері бойынша тәжірибелік семинар тренинг өткізілді.

Семинар тренингтің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын және қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылығын арттыру, аналитикалық ойлауды және нақты жағдайлар контекстінде құқықтық нормаларды түсіндіру болып табылады.

Тренинг барысында заңнама талаптарына жалпы шолу жасалып, тәжірибелік нақты кейстарды шешу арқылы қатысушыларды бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмысқа бағдарлау жүзеге асырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша заңнама талаптарын қатаң сақтау, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу қажеттігі қатаң ескертілді.

Атап өту қажет, Агенттіктің бастамасымен жүзеге асырылып отырған мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген талдау нәтижелерімен жалпы 64 бұзушылық анықталып, жүргізілген талдау қорытындыларымен 22 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілген, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге жүргізілген талдау қорытындысы бойынша Департаментпен қабылданған шаралар нәтижесімен 830 000 теңге негізсіз берілген сыйақының өз еркімен бюжетке қайтарылуы қамтамасыз етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Четверг 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Четверг 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz