Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы алаңында Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарына жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді. 
Жаңадан қабылданған қызметшілермен кездесуде Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Асылханұлы Сұлтанхан, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақжол Батырұлы Қалшабек және Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев өзекті мәселелер туралы сөз қозғады. 
Ұйымдастырылып отырған кездесу мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, олардың тұлғалық болмысы мен ұстанымдарын жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш.Сұлтанхан жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері жөнінде сөз қозғап, қазіргі таңда Агенттікпен мемлекеттік қызметшілердің құндылық ұстанымдарын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамуына бағытталған, қызметшілердің мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызметін сапалы түрде кәсібилендіруді көздейтін арнайы құжат жобасын дайындау қолға алынғанын атап өтті. 
Кездесуде филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметовтың шәкірті филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Қалшабек мемлекеттік қызметшілерге Абай Құнанбайұлының «толық адам» ілімінің этикалық негіздерін ақынның жырлары мен «Қара сөздер» прозасында көтерілген өзекті мәселелермен ұштастыра отырып мемлекеттік қызметші болмысы жөнінде сөз қозғады.
Сонымен бірге, А.Қалшабек Абайдың «толық адам» концепциясының мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысын жетілдіруде маңызды орын алатынын айтып өтті және қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің елдік және қоғам мүдделеріне әділ әрі адал қызмет етуге, өз күш-жігері мен білімін, біліктілігі мен тәжірибесін Отанымыздың дамуына барынша бағыттауға шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының мұражайында А.Құнанбайұлының және М.Әуезовтың шығармашылығымен танысты.
Добавить комментарий
Вторник 06.03.2026 10:48:00
РАГС Казахстана отмечает 105 лет: как регистрация жизненных событий стала цифровой...Вторник 27.02.2026 15:16:00
Госуслуги с индивидуальным сопровождением: как работает сервис «Персональный менеджер»...Вторник 25.02.2026 18:18:00
Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение...Вторник 18.02.2026 13:40:14
В Шымкенте документы из ЦОНа доступны 24/7: как работают постаматы...Вторник 13.02.2026 21:56:28
КАЗАХСТАНСКИЕ СТРЕЛКИ ЗАНЯЛИ 2-МЕСТО В ОБЩЕКОМАНДНОМ ЗАЧЕТЕ ЧЕМПИОНАТА АЗИИ ПО ПУЛЕВОЙ СТРЕЛЬБЕ (ИНДИЯ)!...Вторник 06.02.2026 18:12:05
В мобильном приложении «ЦОН» внедрен онлайн-сервис заказа номерных знаков...Вторник 04.02.2026 18:08:46
Шымкент — в числе лидеров по оказанию госуслуг:...Вторник 16.01.2026 22:45:54
АДЕЛЬ САДАКБАЕВА АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!...Вторник 16.01.2026 22:40:55
ЕЩЕНКО ЭДУАРД АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬҒА ИЕ БОЛДЫ!...Вторник 30.12.2025 17:03:07
С нового года в Шымкенте обновляются адреса дежурных ЦОНов...Вторник 12.12.2025 16:43:02
ЦОНы и спецЦОНы Шымкента не будут работать 16 декабря...Вторник 08.12.2025 23:27:31
Национальный Олимпийский Комитет Республики Казахстан...Вторник 04.12.2025 14:31:34
20 лет ЦОН. История развития через людей...Вторник 25.11.2025 17:46:58
Новый сервис информирования: граждане смогут заранее узнавать о доступности государственных услуг...Вторник 24.11.2025 10:54:41
В Шымкенте отметили 20-летие Центров обслуживания населения...Вторник 12.11.2025 09:53:04
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР МЫСЫРДА ӨТІП ЖАТҚАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІН ЖЕҢІП АЛДЫ!...Вторник 29.10.2025 20:21:11
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыруға бағытталған түсіндірме семинар өтті...Вторник 29.10.2025 18:20:23
Мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді...Вторник 29.10.2025 18:17:41
Әдеп кодексінің талаптарын сақтау барлық мемлекеттік қызметшілердің міндеті...



