Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылды.
Кабинетті салтанатты түрде ҚР Қарулы күштерінің ардагерлер кеңесінің Түркістан облысы бойынша филиал төрағасы подполковник Алдабергенов Бабай Тәңірбергенұлы және Түркістан облысы ата-аналар комитетінің төрағасы, «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы, Шымкент қаласының құрметті азаматы Әнуарбек Бейсе ашты.
«Жас сарбаз» ұйымының мүшелері мектебіміздің 7 «Д» сынып оқушылары АНТ қабылдап, куәліктерін алды. Оқушыларды патриоттық сезім мен белсенді азаматтық ұстанымға бағыттау, әскери қызметті насихаттау, жауапкершілікті сезіндіру және оқушылар бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіру мақсатында ашылған бұл сынып барлық көрнекіліктермен жабдықталған.