«Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері-ай»

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сәуле м/а орналасқан мекемелер №35 балабақша, №35748 әскери бөлімшесі, №11 қалалық емхана және №129 жалпы орта білім беретін мектептері арасында «Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері-ай» атты келіндер сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты жанұядағы ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру болып табылады. Сайысқа 7 үміткер қатысты және алты кезеңнен тұрды. Іс-шарамызда Әл-Фараби аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы, Түркістан облысы ата-аналар комитетінің төрағасы, «Ұстаз Нұры» редакциясының бас редакторы әрі Шымкент қаласының құрметті азаматы Әнуарбек Бейсе және Шымкент қаласы Кәсіподақ комитетінің төрағасы Жузімбаев Бекмұрат қадірлі қонақтары болды.

Сайыстың нәтижесі бойынша бас жүлдегер болып №35 балабақша келіні Сыбанбаева Бибігүл танылып, мадақтама қағазымен және сыйлықпен марапатталды. Қалған қатысушы келіндерімізге І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен мадақтау қағаздары және сыйлықтар табыс етілді. Қорытындылай келе «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттап, өскелең ұрпаққа ұлықтайтын мұндай сайыстар жалғасын табады деп сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Суббота 11.09.2024 17:48:01
ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» ЖОБАСЫ...
Суббота 10.09.2024 15:21:03
Семейный бум...
salem-shym.kz