2019-Жастар жылын аясында, «Тұран» бастауыш партия ұйымының қатары, жас ұстаздармен 18 жасқа толған студенттер мүшелікке өтіп, бастауыш партия ұйымы 200 мүшеге көбейді.
Арнайы партиялық билеттерді табыстау салтанатты іс-шарасына колледж директоры, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық партия филиалына қарасты «Тұран» БПҰ-ның төрайымы Елшиева Альбина Балгабаевна, «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық партия филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қамбарбеков Жандос Сатыбалдыұлы, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Еңбекші аудандық партия филиалының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» комиссиясының мүшесі Ерғазы Нұрлан Асқарұлы қатысып партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстады.