Мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді
Қызметтік әдеп талаптарының сақталуы бойынша өткізіліп жатқан бірыңғай онкүндік аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевпен бірлесе Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппаратының қызметшілеріне Әдеп кодексінің талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Әрбір мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеті және мінез-құлқымен адалдықты жеке пайдадан жоғары қоюға міндетті. Халықтың тарапынан сынға ұшырамау үшін әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарын қатаң сақтауы керек.
Қазіргі қазақстандық қоғам мемлекеттік қызметшілерден мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге әділ және адал қызмет етуді, өз күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін елдің игілігі мен өркендеуі жолында жұмсауын күтеді.
Осы орайда, қатысушыларға қызметтік этика мен мінез-құлық стандарттарын, сондай-ақ әдеп нормаларын бұзудың салдары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез-келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау мәселесі талқыланып, Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.




